Биыл жазушы, этнограф, өлкетанушы, Шет ауданының Құрметті азаматы Төрехан Әкімжанұлы Майбастың туғанына 70 жыл толды
Төрехан Майбас 1954 жылы 8 қаңтарда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кентінде дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы ҚазПТИ-дің автоматты есептегіш техникалар факультетінде оқыған. Ақшатау комбинаты Оңтүстік-Шығыс кенішінде жер асты слесары, тіреуші болып еңбек еткен. 1980 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген.
1980 жылдан бастап Жезқазған облысы Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы – «Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, бас редакторы болды. 1998-2006 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, Бас редакторының орынбасары, 2006-2013 жылдары «ҚазАқпарат» баспасының директоры болып қызмет атқарды.
Республикалық «Жас қазақ» апталығының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болады.
Көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005), «Елқұжат», «Абадан», «Шікіл», «Үшінші ауыл», «Оныншы ауыл», «Айбар», «Жауһар», «Мыңқыш» (2019), «Алтын сақа» (2019), «Құрмалдық» (2021) «Ағатай» (2022) т.б. кітаптарының авторы.
Көптеген этно-танымдық мақалалары баспасөз беттерінде жарияланған. Шет өңірінен шыққан Дияқажы, Сәбит Адамияұлы сынды т,б, ақындардың шығармаларын жинақтап, «Көкбөрі Жарылғап батыр», «Сеңкібай батыр», «Бодық батыр», «Жалаңтөс /Соқыр/ батыр», «Бәйсейіт би» кітаптарын құрастырып шығарған.
Биыл ақын Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақовтың туғанына 4 қарашада 100 жыл толады
Ақын, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты «Көкмөлдір» деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі «Ана туралы жыр» деп аталады. Одан соң «Қарағанды комсомолы» газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған «Көкмөлдір» деген жыры.
Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері «Советтік Қарағанды», «Қарағанды комсомолы» газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы «Советтік Карағанды» газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, «Пионер», «Білім және еңбек» журналында, «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.
Тарихи тұлға, актер, әнші Қалибек Қуанышбаев
«Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны – театр сахнасы»
Ғабиден Мүсірепов
Қазақстанның халық артисі, қазақ актері Қалибек Қуанышбаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр.
Қалибек Қуанышбаев – қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы.
Қазақстанның халық артисі Қалибек Қуаынышбаев 1893 жылы 25 сәуірде қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Қарақопа деген жерде туған. Қ.Қуанышбаев – қазақ совет актері, ұлттық профессионалдық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, көркем сөз оқушы, қоғам қайраткері, СССР халық артисі (1959). Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл Қалибек халықтың сөз өнерін терең ұғып өсті. Ол ел арсындағы сопы-молдалардың, атқамінерлер мен жебір болыстардың, қаныпезер сұрқиялардың неше түрлі сұмдық істері мен оғаш қылықтарын сынап-мінеуде халықтың өткір сықағы мен ажуасын молынан пайдаланды. Жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ «екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» орындап, тыңдаушы көпшілікті қыран күлкіге кенелтті. Оның есімі халық арасына кеңінен тарады. Ауылдан ұзап шығып, қалада (Қарқаралы) өнер көрсетті. Халықты күлдіре жүріп, көп жайларға көңіл аударды. Ауылда ғана емес, басқа жерлерде де әлеуметтік теңсіздіктің бар екеніне көзі жеткен Қалибек көңіліне түйген күлкілі істерді қолма-қол орындап, халыққа дер кезінде көрсетіп отырды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді.
Қалибек – сахналық өнерге ұлттық сипат, халықтық қасиет әкелген реалист суреткер. Радио, эстрадалық өнерге арнап шағын, күлдіргі әңгіме-пьессалар мен өлең-сықақтар, тақпақ-қағытпалар да жазды. Олар 1936 жылы «Түйрегіш», 1962 жылы «Шаншарлар» деген атпен жарық көрді. 1937 жылдан көптеген көркем фильмдерге Қалибек жасаған басты тұлғалар: Байбол («Амакелдіде», 1938), Толағай («Алып туралы әнде», 1942), Абай («Абай әнінде», 1945), Берғалиев («Алтын мүйізде», 1948), Жарқын («Махаббат дастанында», 1954), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта», 1957), Мәке («Мухитты көргім келедіде», 1965), тағы басқалар. Қалибектің жәрмеңке думаншыларының сауығы туралы Ш.Қусайыновпен біргіп жазған «Шаншарлар» комедиясы 1948 жылы Ш.Аймановтың режиссурасымен Қазақ драма театрында қойылды. Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен және көркем сөз оқумен шұғылданды. 1948 және 1958 жылдары Москва Көркем театрының 50 жыл толуына арналған мерекелік концертпен Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1972 жылы «Қазақфильм» студиясы «Қалибек Қуанышбаев» атты телефильм (режиссері Қ.Ахметов) қойды. II – IV сайланған СССР Жоғарғы Советінің депутаты. СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен марапатталған.
Қ.Қуанышбаев 1968 жылы 6 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Қуанышбаев Қ. Шаншарлар: Өлең-фельетондар, сықақ әңгімелер, пьесалар.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 264 б.
Құсаинов Ш. Шаншарлар: комедия / Ш. Құсаинов, Қ. Қуанышбаев. - Қазақ пьесалары: жинақ / құраст. Қ. Мұқаметжанов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1957. - 539 – 597 б.
***
Қаллеки жазған жырлардан // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 29 б.
Қаллеки Өлеңдері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 мамыр
Қуанышбаев Қ. Абай бейнесін қалай жасадым // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 23, 24 б.
Қуанышбаев Қ. Ақылшы еді, аға еді... // Қазақ әдебиеті. - 1962. - 29 июнь (№ 26). - 2 б.
Қуанышбаев Қ. Екі естелік // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 10. - 56 б.
Қуанышбаев Қ. Жәркенге // Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 29 б.
Қуанышбаев Қ. Мен Дуанбасының ролін қалай ойнадым // Әдебиет және искусство. - 1952. - № 2. - 113 б., Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 24-27 б.
Қуанышбаев Қ. Өгіз сату. Қой күзет // Қарқаралы.- 1993.- 11 қыркүйек
Қуанышбаев Қ. Сықақ әңгімелері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 1, 4 қыркүйек
Мұқан А. Опера сахнасында тұңғыш Абайдың жолын салушы // Мәдениет. - 2007. - №8-9. - 66-71 б.
Қ.Қуанышбаев туралы әдебиеттер:
Қазақ сахнасының абызы, актер Қалибек Қуанышбаев шығармашылығы туралы // Бөпежанова Ә. Сахна сәулесі: [жинақ: Театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер]. - Алматы: Алматы-Болашақ, 2020. - 4 б.
Байсейітов Қ. Құштар көңіл. - Алматы: Жалын баспасы, 2004. - 232 б.
Бел-белестер: жинақ / құраст. Б. Құндақбаев. - Алматы: Өнер, 1987. - 288 б.
Әуезов М. О. Уақыт және әдебиет; ред. Ы. Т. Дүйсенбаев. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. - 428 б.
Жұртбай Т. Қалибек Қуанышбаев / Т. Жұртбай; ред. М. Әкімжанов. - Астана: Фолиант, 2006. - 372 б.
Жұртбай Т. Қалибек Қуанышбаев. - Алматы: Қайнар, 2009. - 336 б.
Қарақбайқызы Х. Қайран, Жүсекем! - Алматы: Санат, 1998. - 336 б.
Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі / құраст. А. Мусинов. - Алматы: Өнер, 1993. - 254 б.
Қуандықов Қ. Театрда туған ойлар: сын мақалалары. - Алматы: Жазушы, 1972. - 222 б.
Құндақбайұлы Б. Заман және театр. - Алматы: Өнер, 2001. - 520 б.
Майчекин М. Қалибек Қуанышбаев. - Алматы: Жазушы, 1972. - 35 б.
Майшекин М. Көркемөнер шеберлері. - Алматы: Қаз. мемлекет баспасы, 1959. - 139 б.
***
Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 100 жыл толуына әзірлену мен өткізу және оны мәңгі есте қалдыру туралы: ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы.- 1993.- №4
Асхат Қ. Ұлы актер // Қарқаралы. - 2013. - 13 сәуір (№ 29/30). - 4 б.
Әбілова С. Мамыраев ауылындағы мұра // Орталық Қазақстан. - 2020. - 9 маусым. - 6 б.
Бейбітханқызы А. Театр-мәңгілік // Азия Транзит.- Қарағaнды, 2003.-N12.-43 б.
Бектұров Ж. Қалибек және ол Кенесары бейнесінде // Орталық Қазақстан.- 1993.- 3 шілде
Елебеккеліні Х.Қ. Естен кетпес күндер // Орталық Қазақстан.- 2003.-11 қараша.-5 б.
Жұмабай Н. Абайды сомдаған актерлер // Егемен Қазақстан. - 2020. - 3 желтоқсан. - 13 б.
Жұмабай Н. Шабыт шалқытар шаңырақ // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 желтоқсан. - 14 б.
Жұмабай Н. Қаллекидің таяғы // Егемен Қазақстан. - 2021. - 2 ақпан (№ 22). - 13 б.
Жұмабеков К.Н. Қадірі артық Қаллеки // Орталық Қазақстан.- 2003.- 8 қараша.-9 б.
Құдышұлы О. Бір өзі - бір театр // Қарқаралы. - 2013. - 7 қыркүйек (№ 71/72). - 5 б.
Қыныбаева Р. Қаллеки - өмірде де, өнерде де биік // Қарқаралы. - 2013. - 26 қазан. - 8 б.
Майчекин М. Біздің Қаллекей: «Қалибек Қуанышбаев» атты кітабынан қысқартылып алынды // Театр. kz. - 2014. - № 4. - 38-44 б.
Мамыраев М. Қазақ өнерінің ардагері // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 33-36 б.
Мыңбай Р. Мен айтпай, сірә, кім айтар... // Театр. kz. - 2012. - № 1. - 40-43 б.
Нәсенов Б. Жұмат Шаниннің көпшілікке белгісіз бір ерлігі туралы //Мәдениет.-2014.- № 3. - 4-6 б.
Нұрғали Р. Қазақ театрының нар қобызы // Егемен Қазақстан.- 2004.- 30 қаңтар.-4 б.
Римова Б. Қаллекидің пір тұтамын // Қазақ әдебиеті.- 1993.- 3 қыркүйек.- 3 б.
Рымжанов М. Ұлттық театрымыздың абызы // Орталық Қазақстан.- 1993.- 29 сәуір
Ұлы актер Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдық мерейтойы оның туған жерінде атап өтілді // Қарқаралы.- 1993.- 25 қыркүйек
Шаймерден Әбілмәжінұлы Оразалинов
(1942 – 2019)
Шаймерден Әбілмәжінұлы Оразалиновтың1942 жылы 17 қараша Петропавлск қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Қарағанды политехникалық инстутын бітірген. Техника ғылымдарының докторы (1975).
Еңбек жолын бір уақытта сырттай оқып, 1960 жылы «Қарағандыкөмірбайыту» тресінің «Қарағанды» орталық байыту фабрикасында моторист болып бастаған. 1962-1965 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтында күндізгі бөлімінде білім алған.
1966 жылы «Қарағандыкөмірбайыту» тресінің №38 байыту фабрикасында ауысым бастығы болып істеді. 1967 жылы жанармай қазбалар институтының Қарағанды филиалы жетекшісі, 1970 жылы берік жанармай байыту институтының Қарағанды филиалының аға ғылыми қызметкер, 1972 жылы ғылыми-зерттеу және жоба-конструкторлық көмір институтының аға ғылыми қызметкері болады. 1975 жылы наурыз айынан «Байтам» байыту фабрикасы бас инженері, 1975 жылы қазан айынан «Саран» топтық байыту фабрикасының бас инженері, 1981 жылы «Қарағандылық» ОБФ директоры болып істейді.
1984 жылдың шілде айынан 1987 жылдың шілде айына дейін Октябрь аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы, 1987-1997 жылдары Қарағанды қалалық атқару комитетінің төрағасы, қала әкімі болды. 1997-1999 жылдарда облыс әкімінің кеңесшісі, тәртіптік кеңес төрағасы. ҚР Парламенті Мәжілісінің II, III шақырылымдарының депутаты болып (1999-2007) сайланды.
Құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін де өзінің еңбек жолын жалғастырды. Соңғы қызмет орны Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастьны төрағасы лауазымы болды.
Ш.Ә.Оразалиновтың еңбегі мемлекет тарапынан лайықты деңгейде бағаланды. «Парасат» (2004), «Құрмет Белгісі» (1981) ордендерімен мараппатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1998).
2019 жылдың 30 сәуірінде Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалинов өмірден өтті.
Әдебиеттер:
Оразалинов Ш.Ә. Мемлекет мүддесін кім ойлайды: ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен сұхбат / Сұхбаттасқан С.Сексенұлы // Орталық Қазақстан. - 2001. - 28 сәуір.
Оразалинов Ш. Ә. «Халықтың мүддесі - ең жоғарғы мүдде»: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Ә.Оразалиновпен сұхбат / Сұхбаттасқан С.Сексенұлы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 25 тамыз. - 3 б.
Оразалинов Ш. Қазақстан темір жолын қайта құрылымдау арқылы тарифтерді төмендету мен орта қалыптастыру ниетінен еш нәтиже шыққан жоқ // Егемен Қазақстан. - 2006. - 30 қыркүйек (№234-235). - 5 б.
Оразалинов Ш. Өнерпаз мектебін көшіре беруге кімдер мүдделі // Орталық Қазақстан. - 2000. - 22 сәуір.
Ш.Ә. Оразалинов туралы:
Оразалинов Шаймерден Әбілмәжінұлы (1942) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 432 б.
Уразалинов Шаймерден Абильмажинович // Қарағанды облысының басшылары (1936 - 2011) = Руководители Карагандинской области : биографиялық анықтамалық / Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты; құраст. У. А. Амантаев [т. б.]. - Қарағанды: Экожан, 2011. - 651 б.
***
Азаматтың асқары// Орталық Қазақстан. - 2017. - 21 қараша (№ 130). - 4 б.
Алтайұлы Ұ. Салық кодексі оңалмай экономикамыз сауықпайды // Сана. - 2000. - 13 шілде (N27).-2б.
Балташұлы Е. Аманат // Орталық Қазақстан. - 2002. - 20 қараша. - 3 б.
Батырхан С. Нар жүгін көтерген нағыз ер // Орталық Қазақстан. - 2017. - 18 қараша (№ 129). - 7 б.
Жанғожин А. Халықтың Шаймердені // Орталық Қазақстан. - 2019. - 6 маусым (№ 60). - 4 б.
Жанысбай С. Өнегелі өмір // Орталық Қазақстан. - 2012. - 15 қараша (№ 192/193). - 3 б.
Жұмағали С. Еліне еңбегі сіңген // Орталық Қазақстан. - 2004. - 24 ақпан. - 10 б.
Қалымбай Е. Құрметті азаматтар қошеметтелді // Орталық Қазақстан. - 2006. - 14 ақпан. - 1,2 б.
Округтік сайлау комиссияларының хабары // Орталық Қазақстан. - 2004. - 28 қыркүйек. - 1 б.
Сексенұлы С. Жастармен бүкпесіз әңгіме // Орталық Қазақстан. - 2003. - 18 ақпан. - 2 б.
Сексенұлы С. Мәжіліс депутатымен кездесу // Орталық Қазақстан. - 2002. - 9 қаңтар.
Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалинов [Мәтін] // Орталық Қазақстан. - 2019. - 4 мамыр (№ 47). - 7 б.
Облысымызда әр жылдары ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айрықша үлес қосқан азаматтар аз болған жоқ. Солардың бірі әрі бірегейі Мыңжасар Әдекенұлы Әдекенов.
Қарқаралы өңірінен шыққан, ауылшаруашылығы саласына өзіндік жаңа леп әкелген, шебер ұйымдастырушы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, талантты ғалым Мыңжасар Әдекенұлының туғанына биыл 90 жыл.
Мыңжасар Әдекенов 1932 жылы 4 сәуіркүні Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1954 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. Еңбек жолын Қарағанды облысы, Қу ауданының Қоянды машина-трактор станциясында зоотехник лауазымынан бастады, кейін аудандық ауылшаруашылық инспекциясының бастығы болды.
Егіндібұлақ аупарткомының 2- және 1-хатшысы, Қарқаралы ауаткомының төрағасы, 1968-1999 жылдары Қарқаралы ауданы Н. Әбдіров атындағы кеңшар директоры, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, агроөнеркәсіп комитеті мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
Ол Қарқаралы ауданының экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына үлкен үлес қосты. Оның ұйытқы болуымен мал қыстауларын электрлендіру, шалғай ауылдарға жол салу, шаруашылықты дамыту үшін тұрақты жем-шөп қорын құру, тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі үлкен жұмыстар жүргізілді.
1971 жылы ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты атанды.
1999-2005 жылдары Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ қазақтың құйрықты қойларының жаңа тұқымдарымен селекциялық асыл тұқымды жұмыс жетекшісі қызметтерін атқарған. 20-дан аса ғылым еңбектің, 3 монографияның авторы.
М.Әдекенов қой түлігінің санын көбейтіп, өнім сапасын жақсарту жолында көп тер төкті. Мал азығының жұғымдылығын арттыру бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстан ғылым академиясының ғалымдарымен бірлесіп, қазақтың құйрықты Қарғалы қойының жаңа тұқымын шығаруға ат салысты.
Республикамыздың ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Мыңжасар Әдекенұлы Әдекенов Еңбек Қызыл Ту орденімен, үш мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2015 жылы қыркүйек айында таланты таудай, талабы зор ағамыздың есімін мәңгі өскелең ұрпақ есінде қалдыру, еселі еңбегін одан әрі дәріптеу мақсатында өзі оқып білім алған қастерлі қара шаңырағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжіне Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 ақпандағы №61 Қаулысына сәйкес Мыңжасар Әдекенов есімі берілді. (https://ksk.mycollege.kz/)
2019 жылы Қарағанды облыстық мемлекеттік архивте ғалымның ғұмырлық өмірбаяны, ордендері, медальдары, грамоталары, дипломдары мен фотосуреттері, замандастарының ол туралы жарияланымдары мен естеліктері, ғылыми еңбектері және басқа да құжаттары сақталатын тектік қоры ашылды.
Әдебиеттер:
Әдекенов М. Қой шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру: научно-популярная литература. - Алматы: Қайнар, 1974. - 148 б.
***
Әдекенов М. "Таңбаның" тағлымы // Ақиқат. - 2002. - №11. - 63-65 б.
Әдекенов М. Құранның сөзі - Алла-тағаланың сөзі // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 16 қараша(N46). - 13 б.
Әдекенов М. "Қазақтың Қанышы" - сүбелі еңбек // Орталық Қазақстан. - 2000. - 18 қараша.
Әдекенов М. Ерлер есімі ескерілсін // Орталық Қазақстан. - 2000. - 18 наурыз.
М.Әдекенов туралы әдебиеттер:
Әдекенов Мыңжасар (1932-2005) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 147 б.
***
Әбілова С. Алқалы жиын: түйткіл мен түйін // Орталық Қазақстан. - 2015.-5 қыркүйек.-1 б.
Әбілова С. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді // Қарқаралы. -2015. -5 қыркүйек).-1 б.
Байтұрсын Т. Мен білетін Мыңкең // Орталық Қазақстан. - 2017. - 18 қараша (№ 129).- 6 б.
Білім ордасының өткені // Ізденіс. - 2015. - 13 тамыз (№ 15). - 10 б.
Жұмкеұлы Б. Іскер басшы, қарымды ғалым // Орталық Қазақстан. - 2015. - 22 тамыз (№ 132/133). - 3 б.
Мұсабеков Е. Қаһарманды қадірлеген қайраткер // Орталық Қазақстан. - 2019. - 18 шілде (№ 77). - 4 б.
Мыңжасар Әдекенов: некролог // Орталық Қазақстан. - 2005. - 27 қазан. - 11 б.
Омарбекұлы М. Тәлімі мол тәлімгер, қаламы жүйрік қаламгер еді // Орталық Қазақстан. - 2013. - 9 сәуір (№ 55). - 5 б.
Серікбаев Б. Тарихы шежірелі шырайлы шаңырақ // Орталық Қазақстан. - 2021. - 30 наурыз (№ 33). - 3 б.
Шалқар Ж. Тұлғаның тектік қоры ашылды // Орталық Қазақстан. - 2019. - 24 қыркүйек (№ 105). - 4 б.
Екатерина Борисовна Кузнецова
2018 жылыҚазақстан Республикасының құрметті журналисі Екатерина Борисовна Кузнецованың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Екатерина Борисовна 1938 жылы Қытай елінің Далян қаласында дүниеге келген. Атасы белгілі қытайтанушы, дипломат, Ресей империясының соңғы консулы болған. 1922 жылы Мукден қаласында қайтыс болған. Отбасы Ресейге қайтбай Қытайда қалған. Екатерина Борисовнаның әкесі Борис Сергеевич Колоколов қытай-ағылшын тілдерінде аудармашы болған. 1954 жылы Қазақстанға қоныстанған.
Е.Б.Кузнецова 1961 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетін тамамдаған. Карағандыда "Комсомолец Караганды" жастар газетінде әдеби қызметкер, облыстық "Индустриальная Караганда" газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып істейді. 1989-1993 жылдары "Вечерняя газета" ("Городская газета") редакторының орынбасары. 1993 жылдан 1998 жылдары зейнеткерлікке шыққанша облыстық "Индустриальная Караганда" газетінің бөлім меңгерушісі. 2000-2003 жылдары "Жастар әлемі - Мир молодежи" журналында қызмет етті.
Е.Б.Кузнецова республикалық тарихи-ағарту "Әділет" қоғамы басқармасының мүшесі ретінде Карлаг тұтқындарының тағдыры туралы көптеген мақалалар жазды. "Куст карагана" (1996), "Карлаг: по обе стороны колючки" (2001), "Карлаг: меченые одной меткой" (2005), "ОГПУ – ІІХК Карлагы: Столыпиннен ГУЛАГқа дейін = Карлаг ОГПУ-НКВД от Столыпина до ГУЛАГа = Karlag ASPV-VKLA (OGPU-NKWD) von Stolypin bis GULAG" (2011), "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" (2011), "Карлаг: пространство и судьбы: проект "Ландшафты политических репрессий 30-50 гг. XX века Карлага (2013), сондай-ақ "Азалы кітап" (1999) авторының бірі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (2002), облыс әкімі сыйлығының (2006) лауреаты.
Әдебиеттер:
Кузнецова Екатерина Борисовна // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 309 б.
Кузнецова Е. Анна Каган - узница "АЛЖИРа" // Тағдырларды біріктірген Қазақстан = Казахстан нас объединяет / Қазақстан халқы ассамблеясы, Ассамблея народа Казахстана; құраст. Ғ. Балтабай. - Астана: Ақарман-медиа, 2010. - 235-250 б.
Зейнолла Молдахметов
2018 жылы Академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Молдахметовтың 85 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Зейнолла Молдахметов физикалық химия саласының маманы, спектроскопия және кванттық химия бойынша зерттеулерді дамытудың негізін қалаушылардың бірі, химия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ҒА-ның академигі (1989). З.Молдахметов 1933 жылы 8 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық иститутты және Мәскеудегі Нәзік химия технологиялар институтының аспирантурасын 1962 жылы бітірген. 1963-65 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде физикалық химия кафедрасының оқытушысы, 1965-1974 жылдары ҚазКСР ҒА ХМИ зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі болды. 1974-75 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Университетінің проректоры, 1975-1980 жылдары қазақ химия-технология институтының ректоры, 1980-1988 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Университетінің ректоры, 1988-2001 жылдары ҚРҰҒА Орталық Қазақстан бөлімінің академик хатшысы қызметін атқарды. 1991-97 жылдары Қазақстан ҒА-ның Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1998 жылдан Қазақстан-Ресей университетінің ректоры.
Ұлы зерттеулерінің негізгі бағыты органикалық молекулалардың фотохимиясы мен фотофизикасын, сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакция қасиеттерін зерттеуге арналған. Молдахметов 350- ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монография, 6 авторлық куәлік пен патенттің авторы.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). "Құрмет белгісі" (1981), "Еңбек Қызыл Ту" (1986), "Парасат" (2007) ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Ғылыми еңбектер = Научные труды = Scientific Works: №4-шығарылым / ред.: З. М. Молдахметов, А. М. Ғазалиев. - Караганды : Изд-во КРУ, 2006. - 266 б.
Ғылыми еңбектер = Научные труды = Scientific Works : №3-шығарылым / ред.: З. М. Молдахметов, А. М. Ғазалиев. - Караганды : Изд-во КРУ, 2006. - 176 б.
***
Молдахметов З. Академик Құлқыбаевты құрметтейік // Орталық Қазақстан. - 2006. - 4 қараша. - 5 б.
Молдахметов З. Білім шыңдап, ғылымға өріс берген // Орталық Қазақстан. - 1984. – 29 сәуір.
Молдахметов З. Ғылыми және кәсби терминдерді қазақша қалыптастыру /З.Молдахметов, М.Шәріпов // Егемен Қазақстан. - 1996. – 20 тамыз.
Молдахметов З. Елбасы туралы елеулі еңбек / З. Молдахметов, Р. Омарбекова // Орталық Қазақстан. - 2015. - 14 мамыр (№ 78/79). - 1 б.
Молдахметов З. Заманымыздың заңғар заңгері // Орт. Қазақстан. - 2001. - 22 қыркүйек.
Молдахметов З. Қазақстандағы екінші университет // Орталық Қазақстан. - 1982. – 19 мамыр.
Молдахметов З. Лайықты еңбекке - лайықты баға // Орталық Қазақстан. - 2007. - 15 желтоқсан. - 3 б.
Молдахметов З. Орталық Қазақстанның ордалы отауы // Орталық Қазақстан. - 1995. - 14 желтоқсан.
Молдахметов З. Техника ғылымының Толағайы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 16 желт.
Молдахметов З. Халқының сүйіктісі әрі мақтанышы // Орталық Қазақстан. - 2002. - 17 сәуір.
Молдахметов З. Шоқтығы биік, көңілі кең досым // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 23 қараша (№ 49). - 9 б.
З.Молдахметов туралы әдебиеттер:
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағандық мемлекеттік университеті = Карагандинский университет имени академика Е.А.Букетов = Academician E.A.Buketov Karaganda State University / ред. Р.М. Жумашев . - Караганда: ТАис, 2006. - 84 б.
Бекішбекұлы З. Дақ түспесін //Өмірім саған, туған жер. – Қарағанды. - 1998. - 72 б.
Бөкетов Е. А. атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті туралы әдебиеттер: библиографиялық көрсеткіш (1997-2002 жж.) = Литература о Карагандинском Государственном университете им. Е. А. Букетова : бибилиографический указатель / құраст.: Д. Р. Әлмағамбетова, С. С. Ижан, Л. И. Крицкая. - Қарағанды : ҚарМУ, 2002.
Ғылым - өндірістің өркені / кітапты құраст. және жауапты ред. С. Жанысбай. - Қарағанды: Арко, 2016. - 419 б.
Молдахметов Зейнолла // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, - 6 т.: Қ - Н / ред. Б. Ғ. Аяған. - 2004. - 545 б.
Молдахметов Зейнолла //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 408 б.
Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы (1933) //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 408 б.
Оразалықызы Г. Зейнолла Молдахметов: ғұмырнамалық деректі хикаят. - Алматы: Қазақстан, 2013. - 381 б.
***
Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Ә. Назарбаев). Қазақстан республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы [Мәтін] / Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Ә. Назарбаев) // Орталық Қазақстан. - 2013. - 14 желтоқсан (№ 218/219). - 2 б.
Абдолла Қ. Игіліктің ерте-кеші жоқ // Орталық Қазақстан. - 2007. - 1 ақпан. - 5 б.
Абдрахманов О. Ғұлама ғалым, ғибратты азамат // Орталық Қазақстан. - 2013. - 15 маусым (№ 98/99). - 6 б.
Бөкетов Қ. А. Бөкетов мектебінің түлектері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 25 қыркүйек (№148) . - 3 б.
Ғалымға құрмет көрсетті // Орталық Қазақстан. - 2013. - 6 тамыз (№ 134). - 2 б.
Досмағамбетов С. Еліміздің интеллектуалды потенциалының дамуына арналған ғұмыр / С. Досмағамбетов, А. Едрисов, С. Фазылов // Орталық Қазақстан. - 2013. - 1 тамыз. - 3 б.
Көбеев Е. Ғылымның қия шыңында // Орталық Қазақстан. - 2008. - 2 тамыз. - 2 б.
Қасенов Б. Ұлағатты ұстаз, ғибратты ғалым // Орталық Қазақстан. - 2013. - 20 шілде. - 7 б.
Мақаш Д. Парасатты ғұмыр // Орталық Қазақстан. - 2003. - 5 тамыз. - 5 б.
Омарбекова Ж. Дарабоз // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2018. - 21 шілде (№ 79). - 3 б.
Оразалиева Г. Мектебі мықты Молдахметов // Орт.Қазақстан. - 2009. - 5 желтоқсан. - 5 б.
ХХІ ғасырдың көшбасшылары // Сана. - 2000 . - 10 тамыз(N30). - 3 б.
Салықов К. Қарағанды - құтты мекені // Орталық Қазақстан. - 2013. - 1 тамыз. - 3 б.
Василий Иванович Язев (1913-1999)
Язев Василий Иванович 1913 жылы туған. Құрылысшы, Социалистік Еңбек Ері (1958). 1934 жылы Мəскеу индустрия-құрылыс техникумын бітірген. 1934-1959 жылы "Балқаш құрылыс" тресінің прорабы, аға прорабы, өнеркəсіп учаскісінің бастығы, құрылыс басқармасының бастығы, трест басқарушысы. 1959-1979 жылы Қарағанды облатком төрағасының орынбасары, 1979-1980 жылдары "Қарағандымебель" бірлестігінің бас директоры. 5- жəне 6- бесжылдықтарда, Балқаш қаласын салуда, ұйымдастырушылық, шаруашылық жұмыстарда жоғары нəтижелерге жетті. КСРО Мин. Кеңесі сыйлығының лауреаты (1976). Қазақстан Компартиясы 10-съезінің делегеаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Язев құрметіне Қарағандыда көше аталады.
2003 жылы 24 қаңтарда Интернационалист-жауынгерлер көшесі бойындағы №26 үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. В.И.Язев бұл үйде 1959 жылдан бері ғұмырының соңына шейін 40 жылдай тұрған.
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына