Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының ҚХА ХХІІ сессиясында берген тапсырмасына және Қазақстан Республикасының "Қайырымдылық туралы" Заңына сәйкес елдегі қайырымдылықтың дамуына ықпал етуге үлес қосуда.
2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын "Қайырымдылық керуені" атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді.
Жастар жылы аясында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында биылғы жылы "Қайырымдылық керуені" акциясы "Мейірімділікпен бірлікке!" деген ұранмен жалғасын табуда.
Әрбір ай акцияның белгілі бір тақырыбына арналған. Күнтізбе Қазақстан халқының дәстүрлері негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін ескере отырып әзірленген.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК "Қайырымдылық Керуені" республикалық қайырымдылық акциясына қосылды. Жыл бойы кітапхана қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.