Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында «Ой орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы кездесу – қазақ телевизиясының алтын дәуіріне жол салып, алғашқы дикторлардың бірі атанған, еңбек ардагері Майра Ахметованың 100 жылдығына арналды.
Кештің арқауы – «Дикторлық өнердің дара жолы». Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында клуб мүшелері телеарнаның бай тарихымен танысып, эфир мәдениетінің қалыптасу кезеңіне терең үңілді. Жетекшілік еткен – тележурналист, ҚР Мәдениет қайраткері Әли Тойжігіт.
Экскурсия барысында қатысушыларға өткен ғасырдың 60-70 жылдары қолданылған ескі камералар, микрофондар, радиоқабылдағыштар көрсетіліп, эфир жұмыстарының қалай жүргізілгені жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сол жылдардағы техникалық шектеулер, монтаж қиындығы, түсірілім лентасының тапшы кездері, бір хабарды эфирге дайындаудағы үлкен жауапкершілік – бәрі де журналистикаға деген шынайы адалдық пен жанкешті еңбек, әсіресе, дикторлардың дауысы, мәнері мен мәтінді жеткізу мәдениеті – бұл өз алдына бөлек өнер болатынын ортаға салды.
Құрметті оқырмандар!
Біздің кітапханаға 2 ай мерзімге (сәуір-мамыр) тестілік режимде «Литрес Кітапхана» жүйесіне кіру мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.
Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Электронды-кітапханалық жүйеге https://lib.litres.ru/libreg/799099/ сілтеме арқылы тіркеліп, логин, пароль ала аласыз. Тіркелгеннен соң кез-келген компьютерден немесе мобильді құрылғыдан оқуға мүмкіндігіңіз бар.
«ЛитРес: Кітапхана» - қазіргі заманғы әдебиеттің электронды форматтағы ең үлкен кітапханалық каталогы. Онда 200 000-нан астам электронды және аудиокітаптар, олардың арасында қазіргі бестселлерлер мен классиктер, сондай-ақ шет тілдеріндегі шығармалар ұсынылған. Тақырыптар бойынша кітаптардың 142 жанры қолжетімді: жеңіл оқу, байыпты оқу, тарих, бизнес-кітаптар, білім мен дағдылар, психология және мотивация, спорт, денсаулық, сұлулық, хобби, бос уақыт, үй, саяжай, шетел әдебиеті және т. б.
2025 жылдың 28 наурызда «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау» атты халықаралық семинар өтеді.
Ұйымдастырушысы – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Семинардың мақсаты:
- кітапхана қорларын жинақтаудың өзекті мәселері мен практикалық негіздерін талқылау, атап айтқанда, электрондық құжаттармен жұмыс және электрондық кітапханалық жүйелеріне жазылу;
- халықаралық және өңіраралық кітапхана ынтымақтастығын дамыту.
Семинардың спикерлері – Қазақстан мен Ресей кітапханаларының жетекші мамандары және ЭКЖ өкілдері: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.А. Добролюбов атындағы Архангельск облыстық ғылыми кітапханасы, ID LOGIC Kazakhstan және ARC GLOBAL .
Семинарға қатысуға кітапхана қорларын толықтыру саласындағы мамандар, библиографтар, электрондық ресурстар агрегаторлары, кітапханалардың серіктес фирма өкілдері.
Белгілі журналист-публицист, медиа зерттеуші, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл шараға ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, журналистер, ғалымдар, өлкетанушылар, ұстаздар, кітапханашылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Таныстырылым кеші барысында сөз алған мәртебелі қонақтар кітап авторының еңбегін жоғары бағалап, жаңа шығармасының оқырманға жол тартуымен құттықтады. Олардың қатарында: өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан, , аудармашы, зейнеткер Рымбала Смайылова, журналистер Әли Тойжігіт, Әдебиет Белгібайұлы, «Жастар әлемі» журналының редакторы Гүлнара Шоменова т.б. бар. Таныстырылымды журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі Қасымхан Ғалым жүргізді.
Міне, тағы бір рухани байлықтың есігі айқара ашылды. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан публицист, аудармашы Марал Хасеннің 80 жылдығына және оның шығармашылық мұрасын насихаттаушы, аудармашы Рымбала Смайылованың 80 жасқа толуына арналған «Аманат арқалаған Ана» атты ерекше кеш ел жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бұл кеш тек мерейтойлық жиын ғана емес, рухани мұраның мәңгілік екенін айғақтайтын ұлы сабақ болды.
Салтанатты шара шымылдығы «Молодежный» мәдениет үйінің әншісі Айнұр Әбдуалиеваның тебірентерлік «Ананың ақ жаулығы» әнімен түріліп, кешке жиналған көрерменнің жүрегіне жылы шуақ себілді. Рухани мұраны насихаттаған ардагер анамыздың еңбегін бағалап, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков пен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов атынан құттықтау хаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Кештің модераторы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Жұмағұлов бұл шараның қазақ руханияты үшін мән-маңызына тоқталып, қос тұлғаның әдебиетке сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.