Жыл басынан бері оқу залдары бөлімінің қорына жаратылыстану, техника, медицина және экономика салаларына қатысты көптеген кітаптар легі келіп түсті. Ол еңбектер ғылыммен айналысамын деушілерге, жоғарғы оқу орын студенттеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Солардың бірқатарын сіздердің назарларыңызға ұсынамын:

 

Шілдебаев, Ж. Биологияға кіріспе: оқу құралы / Ж. Шілдебаев, А. Ермекбаева. – Астана : Фолиант, 2016. – 472 б.

Бұл оқу құралы "Жалпы биология", "Органикалық әлемнің алуантүрлілігі" және "Адам және оның денсаулығы" атты үлкен үш бөлімді қамтиды. Тақырыпты ашып айтқанда тірі организмдердің қалыптасуы мен қасиеттері, даму деңгейлері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, цитология негіздері, организмдердің көбеюі мен дамуы, генетика негіздері, органикалық дүниенің даму эволюциясы, адам және оның денсаулығы, экология және тұрақты даму мәселелері туралы білімді жаңа мемлекеттік білім стандартына сәйкес беру қарастырылған.

Бөрібай, Э. Радиациялық экология: оқу құралы / Э. Бөрібай. – Алматы : Экономика, 2015. – 184 б.

Кітапта радиоактивті заттар, радиобелсенділік туралы егжей-тегжейлі мәліметтер берілген. Радиоактивті заттардың ашылу тарихы, иондық сәулеленудің түрлері, шығатын көздері, биологиялық ағзаларға әсері ғылыми тұрғыда зерттеліп жазылған. Радиоактивті заттардың биосферадағы рөлі, маңызы мен қызметтері, табиғи радиациялық көздер, радионуклидтер туралы көптеген мәліметтер келтірілген.

Толығырақ...

Ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қорына жаңадан түскен құжаттар туралы ақпараттық тізім жасауды дәстүрге айналдырған.

Сіздердің назарларыңызға 2017 жылдың 2 тоқсанында білімнің барлық салалары бойынша түскен құжаттардың тізімі ұсынылып отыр.

Жаңа кітаптар – 2017 ж. (СƏУІР-МАУСЫМ) Ақпараттық бюллетені:

Ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қорына жаңадан түскен құжаттар туралы ақпараттық тізім жасауды дәстүрге айналдырған.

Сіздердің назарларыңызға 2017 жылдың 1 тоқсанында білімнің барлық салалары бойынша түскен құжаттардың тізімі ұсынылып отыр.

Жаңа кітаптар – 2017 ж. (қаңтар-наурыз) Ақпараттық бюллетені:

Құрметті оқырман қауым!

Өлкенің бай мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін құнды мәліметтерге толы кітаптарымызды ұсынамыз. Кез-келген өркениетті мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақ санасына енгізуге жағдай жасайды. Тәуелсіз еліміздің қазіргі дамуы өткен тарихтың беттерін қайта парақтауды талап етеді.

Аймақтық "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында діни-ғұрыптық орындарға қатысты зерттеу жұмыстары атқарылған.

Толығырақ...

Мемлекеттік тілді үйренушілердің кітапханадағы ақпараттық ресустарға қол жетімділігін арттыру мақсатында 2008 жылы оқу залында "Қазақ тілін үйрену ресурс орталығы" ұйымдастырылды. Орталыққа қазақ тілін үйренушілерге арналған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемеліктер, тілашарлар, сөздіктер жеке-жеке топтастырылып қойылды. Мемлекеттік тіл мәселесі бойынша өткізілген конференция материалдары мен  қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында әмбебап қолданудың тың жолдарын ұсынған тіл мамандарының еңбектері де қамтылды. Қор жыл сайын толықтырылады. Оқырмандар, яғни, қазақ тілін өз бетімен үйренушілер, сонымен қатар, қазақ тілін үйретуші – қазақ тілінің оқытушылары және басқа да қызығушылық танытушылар заман талабына сай дискмтүрінде шыққан оқулықтарды, әдістемеліктерді, жалпы қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінен бағыт-бағдар беретін еңбектерді пайдалана алады. Солардың бір легімен сіздерді таныстыруды жөн көрдік.

Толығырақ...