Назарларыңызға 2021 жылы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясына поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аудармалар бағыттары бойынша таңдалып, жалпыхалықтық оқуға арналған виртуалды көрмені ұсынамыз.

"Жадымдасың, жақсы аға" Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021

"Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде..."
М.Мақатаев

Иә, өмірін өлеңінен, өлеңінің өмірінен бөліп қарауға болмайтын Мұқағали Мақатаевтың есімі - "Поэзиямен" егіз ұғым. Күллі қазақ даласын шексіз іңкәрлікке, ұлы сағынышқа толы нәзік жырларымен тербеткен, ақиық ақынның мол мұрасы бүгінгі таңда барша қазақтың мақтанышына айналды. Тілге жеңіл жүрекке жылы тиетін жыр жолдарын көкірегінде саңылауы бар әрбір азамат жатқа айтады.

Ақынның өзі: "Кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...", - деп баға бергендей оның әр өлеңі өміріндегі әсем әуез бен мұнар мұң жетегіне жетелей жөнеледі. Ақынның бүкіл ғұмыры өлеңдерімен өрілген. Ол үшін поэзия – жанының шырылы.

Толығырақ...

"Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!

Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.

Жамандықты жақсартып, жақсылықты,

Онан сайын келеді қуатты еткім"

 

2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.

Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды.

Толығырақ...