Есірткі бизнесімен күрес  (Ақпараттық-библиографиялық тізім)

Толығырақ...

Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын насихаттау мақсатында ақпараттық-библиографиялық бөлім «Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбы бойынша тоқсан сайын әдебиеттердің ақпараттық тізімдерін жасап келеді. Ұсынылып отырған тізімге 2012 жылдың 4-тоқсанында және 2013 жылдың 1-тоқсанында жарық көрген заңнамалық және нормативті актілер, кітаптар мен мақалалар енген.

Толығырақ...

Кітапхана сайтында «Жолдаудың жарқын жақтары» айдарымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша ақпараттық материалдарды жариялауды бастаймыз.

 Елбасы өз Жолдауында ХХІ ғасырда бар әлем үшін өзекті болып, шешімін табуды талап етіп отырған 10 жаһандық сын-қатерді анықтап берген болатын. Осы Жолдауы арқылы еліміздің 2050 жылға бастайтын даму стратегиясының жобасын ұсынып, нақты жоспарларды да белгілеп берді.

 «Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз», - деп атап өтілген Жолдауда.

Сіздердің назарларыңызға Елбасымыз нақтылап берген осы он қатердің бірнешеуі бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін ұсынамыз. Библиографиялық тізім заңнамалық, нормативтік құжаттардан және мақалалардан тұрады.

Ақпараттық топтама үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Айдардағы жаңалықтардан тыс қалмаңыз!

Толығырақ...