Жазушы деген қазақ халқы үшін тек көркем сөзден ой кестелеген шебер ғана емес, халқының мақтанышы, адалдық пен әділдіктің  нышаны. Қазақ әдебиетінде өз орнын алған жазушы Қапан Сатыбалдиннің тұтас бір кезеңдегі әдеби даму үрдісінен көз жазбай, қол үзбей еңбектенген сезімтал, сергек, қажырлы қаламгер.

Өмірінің кейінгі кезеңінде Қ.Сатыбалдин драматургия саласына ойысып, ұзақ жылдар бойы театр сахналарына табыспен қойылған драмалық туындыларды жазады. Оның «Аягөз Ару», «Махаббат машақаты», «Қынаптан суырылған қылыш», «Қабаған ит», т.б. драмалық туындылары көрермен тарапынан оң бағаға ие болған.

Бүгін кітапханамызда артына рухани мұра етіп қалдырған Қапан шығармаларын, әке алдындағы перзенттік борышым деген ниетпен Мәскеу қаласында тұратын үлкен қызы Наркес Қапанқызы Сатыбалдинаның құрастыруымен Мәскеу қаласы «Высшее образование и Наука» баспасынан жарық көрген «Аягөз ару» = «Красавица Аягоз» кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...

2022 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді. Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.

Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.

Алғаш рет аталып отырған кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай 2022 жылдың 21 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара өтті.

Толығырақ...

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қазақстандықтар жыл сайын 2009 жылға дейін, 8 жыл қатарынан мемлекеттік мерекені атап өтті. Алайда, 2009 жылы «Мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, оның күші жойылып, мереке алынып тасталды. 2001 жылы «Республика күні» мемлекеттік мереке болып атап өтілсе, қазір оған Ұлттық мәртебе берілді.   Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен,  2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.

Осы атаулы күнге орай, 2022 жылдың оқу залдары бөлімінде Республика күніне арналған «Қазақстан – тағдырым менің» атты тарихи виражы өтті.

Толығырақ...

Кітапханамызда 20 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның  туғанына 90 жылдығына арналған жастарға мол мұрасын насихаттау мақсатында «Шерхан Мұртаза – дәуірдің шынайы суретшісі» атты тарихи - әдеби кеш өтті.

Кеш қонақтары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ж.Б. Шәкәрімқызы Шерхан Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары  туралы әңгімелеп, жазушының өмір жолына, шығармаларының ерекшелігіне, қоғамдық өмірден алынған тілі көркем суреттелген  шығармалары айтылды.

Толығырақ...

Биыл Астана ресми түрде елорда мәртебесіне ие болғанына 25 жыл толады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезеңнен бастап, қазір Астана Еуразия құрлығының саяси және экономикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Астана – жаңаның бейнесі. Бұл біздің республикамыздың тәуелсіздігінің нышаны» деп атап өткен болатын.

Толығырақ...