Құрметті оқырмандар!
Бүгінде “Парасат” деп аталатын журналдың “Мәдениет және тұрмыс” деп аталғанын білесіздер ме? XX ғасырдың орта шенінен бастап күні бүгінге дейін еліміздің мәдениеті мен тұрмыс саласын көтеруге өзіндік үлесін қосып келе жатқан, қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше басылым жайлы толығырақ бейнероликте
Күні кеше «Жыр-Жауһар» шығармашыл жастар орталығының ұйымдастыруымен, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен үзеңгі қағысып жыр додасында қатар шауып келе жатқан жас ақындар Нұрдәулет Бақытұлы мен Тілеужан Ерқанатұлының кітапханамызда «Жалын. Жүрек. Жыр...» атты шығармашылық кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - өнер өлкесіне қанат қағып келе жатқан жас таланттарды қолдау. Аға буын мен жастардың арасында үзеңгілестік орнату. Жастарға замандастарын үлгі етіп көрсету арқылы, тұлғалық болмысын қалыптастыруға талпындыру.
Сөзі абызға, өмірі аңызға айналған, бір басына қазақтың бар өнерін сыйғызып, сегіз қырымен танылған Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны аясында «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасындағы буктрейлер байқауы өз мәресіне жетті. Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жүзеге асты.
Байқауға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қарағанды облысының кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. Жас ерекшеліктері шектелмеді.
Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын инновациялық нысандар арқылы насихаттауды, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық потенциалдарын ашып көрсетуді, кітап оқуды алға жылжытудағы жұмыстың дәстүрлі емес әдістерін жүзеге асыру болып табылатын байқаудың Ережесі 2022 жылдың 10 сәуір күні жарияланған болатын.
Тіл – «менің» және әлемнің қосылатын тұсы.
Х.Г. Гадамер
Сүйінші оқырман! Әдебиетіміз тағы бір құнды дүниемен толықты. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы «Әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару» арнайы жоба аясында әйгілі италияндық жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» кітабын (Қарағанды, 2022 ж.) жарыққа шығарды. Аударманы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудармашы, журналист және жазушы Сүйіндік Жанысбай жасады. Кітап 200 данамен басылып шықты.
Әлемдік деңгейде бестселлер аталған Марио Пьюзоның «Өкіл әке» атты кітабы 1969 жылы жарыққа шыққан. Итальяндық мафияның заңдары, жемқорлық, намыс жайлы жазылған бұл кітап 70-ші жылдары-ақ бестселлер болған және көп тілге аударылған. Енді ана тілімізде оқуға мүмкіндік туды.
Тәуелсіз мемлекеттің негізгі шарты – айналымда өзінің ұлттық валютасының болуы. Биыл біздің Отанымыз өз валютасы - теңгеніңресми түрде айналымға енген уақытын, яғни, 29 жыл толуын атап өтуде. Ең алғаш рет Республиканың ақша бірлігі 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ол 1993 жылғы 12 қарашада қол қойылған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» ҚР бұрынғы Президентінің №1399 Жарлығымен бекітілді. Сол күннен бастап 15 қараша «Ұлттық валюта – теңге» күні деген атқа ие.
Теңге – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі нышандарының бірі. Теңге қолданыс барысында халықаралық нарықта танымалдыққа ие болып, жаңа қоғамдық қатынастардың дамуындағы басты факторлардың біріне айналды.