Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға қазақ тіліндегі әдеби басылым "Әдебиет және искусство" журналының жарнамасын ұсынамыз.

17 қазан күні кітапханамызда қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Әдебиет әлемінің абызы» атты әдеби кеші өтті.

Кештің мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қаламынан шыққан туындыларды жаңа буын өкілдеріне таныстыру. Жастарды парасаттылыққа, өз-ойын еркін жеткізуге, ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын байыту. 

Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Ә.Нұрпейісов бала күнінде қаншама қиындықтарды, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды. Жазушының қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына.

Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға "Сирек және құнды кітаптар" қорындағы ең құнды көне кітап Абдуррахман Аль-Джамидің "Араб тілінің грамматикасы" қолжазбасын ұсынамыз.

Биыл Астана ресми түрде елорда мәртебесіне ие болғанына 25 жыл толады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезеңнен бастап, қазір Астана Еуразия құрлығының саяси және экономикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Астана – жаңаның бейнесі. Бұл біздің республикамыздың тәуелсіздігінің нышаны» деп атап өткен болатын.

Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК мен Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ «Тарих кафедрасы» ұйымдастыруымен физика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мойындаған Ұлы Дала Ғұламасы» атты сторителлинг өтті. (сторителлинг - оқиға арқылы ақпарат жеткізу әдісі)

Іс-шараның мақсаты: Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Т. Көкетаевтың еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жастарға үлгі ету. Отанын сүюге тәрбиелеу. Жастарды білімді болуға шақыру.

Темірғали Көкетаев - әлемде бұрын-сонды болмаған жаңалық жасаған ғұлама, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Физика ғылымына сіңірген еңбегі үшін «Ғасыр адамы» атағы беріліп, өзі 25 жыл айналысқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» еңбегін Халықаралық биографиялық орталық тізімге алған ғалым, Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ.