Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес шілденің үшінші жексенбісінде жыл сайын Металлург күні атап өтілуде. Онда дәстүрлі түрде көптеген салтанатты іс-шаралар: мерекелік концерттер, құттықтаулар, флешмобтар, металлургтермен кездесулер өткізіледі.

Мереке қарсаңында өлкетану әдебиеті бөлімінде «Құт болып құйылған қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгін, 2021 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында кітапханамыздың өлкетану бөлімінің басшысы, кітапхана ісінің шебері Сандуғаш Орынбайқызы Телпекбаева облыстың және еліміздің кітапхана ісін дамытудағы мінсіз жұмысы, кітапхана саласын жетілдірудегі қосқан үлесі және инновациялық жұмысы үшін Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығының «Үздік кітапханашы» номинациясының иегері атанды.

Кез-келген адам өміріндегі мұндай сәт жүрек толқытар және есте қаларлық, осы деңгейдегі марапаттар жоғары кәсібилікті растай отыра, жеке тұлға ретінде қалыптасудың көрінісін, сондай-ақ өмір жолының жемісті кезеңдерін бейнелейді.

Кітапханамызда қазақ жұртының ХХ ғасыр басындағы ақыл-ойы, көрер көзі, қазақ әдебиетіне айтулы үлес қосқан, ұлт руханиятын даңқты туындыларымен байытқан Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына  арналған  «Үш бәйтерек-Үш ғұмыр»  атты әдеби кеші өтті.                                                                                                                             

Кештің мақсаты: ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын жастарға ұғындыру, азаматтық тұлғасын таныту, ұлыларымыздың шығармаларын көпшілікке таныстырып, олардың  рухын, түсінік-танымын бүгінгі ұрпақтың есіне мәңгіге қалдыру, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Үшеуінің ғұмырлары тым қысқа болғанымен  соңдарында мәңгілік елдің мәңгілік мұрасына айналған ұлы шығармалары қалды.

Армысыздар, құрметті оқырмандар! Мемлекет және қоғам қайраткері, үш ұлы бидің бірі Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлының туғанына 355 жыл. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөлімінің дайындаған «Ұлт рухының кемеңгері» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.

«Алғыс айту күні»  - ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн.