Бүгін кітапханамызда жұмыс жасайтын "Парасат жолы" орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесе ақын, қоғам белсендісі, "Формула" кітабының авторы Эльмира Сайлауқызымен кездесу өтті.

Сүбелі сұхбатта сұрақ-жауап арқылы жастардың қоғамдағы рөлі, адалдық туралы ойлары ортаға салынды.

2021 жылы «ADALDYQ ALANY» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылды. Орталықтарды ашудың мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығында мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық, адалдық идеологиясын насихаттау мақсатында мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейтесті мәселелер талқыланады. Зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, сұхбаттар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылады.

Құрметті кітап сүйер қауым! Назарларыңызға қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Нұрқожаұлы Бекхожиннің 110 жылдығына арналған «Поэзия тербетеді жүрегімді..» атты бейне презентацияны ұсынамыз!

Құрметті оқырмандар! Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған ұлт қайраткері, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері, белгілі ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толуына орай оқырмандарға «Поэзия әлемінің дарабозы» тақырыбында бейне шолуды ұсынамыз.

2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы VII шақырылымдағы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялады.

Жолдауда Президент еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Ол: «Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды.  Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда» - деп атап өтті.