Биыл Мысырда Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаған, төртінші сұлтаны Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Сұлтан Бейбарыс - тек қазақ емес бүкіл түркі халықтарының мақтанышына айналған, мәмлүктер арасынан ер жүректілігімен, ақылымен, дарынымен көзге түсіп, құлдықтан таққа дейін көтерілген ұлы бабамыз.

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойы аясында Каир қаласында күрделі жөндеуден өткен Сұлтан әз-Захир Бейбарыс мешіті салтанатты түрде ашылу, Әл-Азһар университетінде халықаралық ғылыми конференциясын өткізу, Каир халықаралық қазіргі заманғы эксперименталды театр фестивалі шеңберінде Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» спектаклін сахналау, Мысыр тарихының мәмлүктер дәуіріне арналған араб және қазақ тілдеріндегі энциклопедиясын жарыққа шығару және т.б. халықаралық іс-шаралар жоспарланған.

Толығырақ...

Достар! Бізде жаңа АРТ-МАРАФОН! Баршаңызды «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты сәндік-қолданбалы өнер марафонына атты қатысуға шақырамыз.

Егер сіз кез-келген техникада, әртүрлі материалдардан авторлық бұйымдар жасасаңыз, онда бұл МАРАФОН тек Сізге арналған!

АРТ-марафон 2023 жылдың ақпан айынан бастап қыркүйек айына дейін өткізіледі! АРТ-марафон шарттарымен Шеберлер Клубының 10 жылдық мерейтойына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер АРТ-МАРАФОНЫН өткізу ережесінен танысуға болады.

Толығырақ...

2023 жылдың 24 қаңтар күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат-лицейінің 10 «А» сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауына байланысты «Қуатты ұлттың деңгейі – халық» атты ақпараттық сағат өтіп, оқушылар өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті.

Оқушылардың ойынша, экономикасы дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет және ертеңгі күнге деген сенім болуы тиіс.

Толығырақ...

Достар! Бұған дейін көп қаламгер бара қоймаған тың тақырыпқа арналған, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарының психологиялық астарына ғылыми тұрғыда талдау жасалған еңбек - «Қазақтың жазылмаған психологиясы» кітабына арналған бейне ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз!

Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Сіздердің назарларыңызға Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Табиғаты өзгеше дарын» атты бейне шолуымызды ұсынамыз. Баршаңызды Төлен Әбдіктің әдебиеттерін оқуға шақырамыз!