Кітапханада белгілі жазушы Серік Сағынтайдың «Жауырыншы» өлеңдер жинағы мен «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген «Қазақия… Сиберия…» атты зерттеу кітаптарының таныстырылымы өтті.
Ашық диалог бағытында өткен әдеби жиынның тізгінін ұстаған прозаик, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерзат Ермағанбет өткізіліп отырған әдеби шараның маңыздылығын ортаға салып, С. Сағынтайдың шығармашылығына қысқаша жасап, ақын жырларының өзіндік ерекшеліктері жайлы сөз қозғады.
Таныстырылым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахметтің С. Сағынтайдың шығармашылығына табыс тілеп,Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Р.Әлидің құттықтау хатын табыстады. Сонымен бірге Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Өнер және мәдениет бөлімінің басшысы М. Қаратай Серік Сағынтайға Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сөз кезегін алған жазушы Серік Сағынтай өзінің зерттеу кітабының мазмұны мен зерттеудің негізгі бағыттары жайлы ойын ортаға салып, оқырман сауалына жауап берді.
Автордың «Қазақия… Сиберия…» атты зерттеу кітабы келушілердің назарын аударды.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры, ф.ғ.д. Жансая Жарылғапов еңбек жайлы өзіндік ой-пікірін білдіріп, әдеби талдау жасады.
Зерттеу кітапта ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ-сібір жазушылары жайлы тоқтала отырып, деректердің ішінде орыс жазушылары, саяхатшылары, этнографтары Г. Потанин, Н. Ядринцев, Г. Гребенщиков жиһанкездігі туралы баяндалады. Сонымен бірге поляк ақыны Густав Зеленский, Владимир Санги, Американың әйгілі жазушысы Джеймс Фенимор Купер, Әбдікәрім Ахметов шығармалары мен аудармаларына талдау, зерттеу жұмыстарын көруге болады.
Еңбекте суретшілер Антонина Александровна, Утина-Воронинаның суреттері жайлы деректермен танысуға болады.
«Қазақия… Сиберия…» атты туындысында автордың әдебиеттегі типология, дискурс тақырыптарына да белсене барып, бірқатар құбылыстарға тап басып, баға бергені байқалады.
Қаламгер сонымен қатар ортақ кеңістіктегі түрлі ұлт әдебиеттерінің ортақ тамырын, ортақ даму арнасында салыстырып зерттеген.
Ашық микрофон аясында сөз кезегін алған қаламгерлер автордың зерттеу кітабы жайлы, оның көркемдік шеберлігі туралы өз ойларын ортаға салды. Серік Сағынтайдың еңбегіне жоғары баға берді, ізгі ниеттерін жеткізді.
Іс-шараға жазушы, өлкетанушылар С. Жанысбай, Т. Мұқан, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ж. Жаңқашұлы,«Егемен Қазақстан» газетінің бөлім басшысы Ж. Әлиман, ақындарымыз Р. Нұрбай, С. Қабылдаұлы, филолог Ә. Жақан, «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Ә. Белгібайұлы, ҚарМУ-ніңҚазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры К. Абдрахманова, «Кәусар» баспаханасының директоры Қ. Құрмансейіт т.б. жәнеЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультеті, Қарағанды медициналық университетінің «Күретамыр» клубының мүшелері, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенттері қатысты.
Әдебиет әлемінде аға буын мен жас толқынның арасындағы сабақтастықты жалғауды мақсат тұтқан іс-шарада жастар да өз ойларымен бөлісіп, жаңа туындыларын оқып, үлкендерден бағыт-бағдар алды.
Сонымен бірге оқырман қауым назарына жазушының шығармашылығынан «Өле алмайтын өзегі өрт өлеңмін...» атты кеш иесінің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.
Ізгілікке, еңбекқорлыққа жетелейтін осындай шараның аяғы «Автордың қолтаңбасы сессиясы» аясында қорытындыланды.
Қаламгерлер үшін қашанда еңбегінің бағаланғаны, кітабының шыққаны, оқырманымен шығармашылық байланыста болғаны маңызды.
Оқу және заманауи кітап туралы қызықты және қажетті әңгіме диалогы өз мәресіне жетті.
Өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Б.Е.Алпысбаева