Жыл сайын 14 ақпанда барлық кітап сүйер қауым Халықаралық кітап сыйлау күнін атап өтеді. Бұл мереке адамдарды бір-біріне жақсы кітаптар сыйлауға шабыттандырады. Баспа кітабы өз құндылығын жоғалтпай, әлі де өзекті сыйлық болып қала береді.
Халықаралық кітап сыйлау күні – жас мереке. Оны 2012 жылы ағылшын жазушысы, екі баланың анасы Эмма Перри ойлап тапқан. Ол Халықаралық кітап сыйлау күнінің ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі болды. Перридің бастамасы тек Англияда ғана емес, сонымен қатар әлемнің әртүрлі елдеріндегі жазушылар, баспагерлер, мәдени және қайырымдылық ұйымдары тарапынан қолдау тапқан.
Кітап сыйлау – оған жаңа өмір сыйлау, оны оқырманға ашу деген сөз. Кітапхана «Білім кілті – кітапта» атты кітап сыйлау акциясының он үшінші маусымын өткізді. Күні бойы оқырмандар отандық және шетелдік авторлардың классика, заманауи проза мен поэзия, фантастика, детективтер, экшн, романтика және басқа да жанрлардағы әдебиеттерін қуанышпен қабылдап, акцияға 23 адам қатысты. Қатысушы студенттер, оқушылар, мұғалімдер, зейнеткерлер, ЖОО оқытушылары, кәсіпкерлер, жұмысшылар кітапханаға да кітаптар сыйлады. Атап айтқанда: Қ. Жойқынбектегі «Ел Шоңы», А. Кристи «Автобиография», С.Е. Чуднявцев «Тәртіпсіз күн» және т.б. кітаптар.
Сонымен қатар, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан «Әріптесіңе кітап сыйла» челлендж аясында М. Қалдыбайұлы «Бекасыл әулие», Э.Сайлау «Formula»атты екі кітапты кітапхана сыйлыққа алды.
Мереке өз мәресіне жетті, алайда кітап сыйлау дәстүрі жалғасуда! Өйткені, тарту етілген әрбір қызықты кітап жүрекке жылулық сыйлап, ерекше әсер қалдырады. Іс шараға қатысқан барша оқырмандар мен жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен шаттық тілейміз! Келесі кездескенше!