7 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізілген «Қуыршақтар әлемі - Мир кукол» атты АРТ-МАРАФОН мәресіне жетті.

Қуыршақ әлемін түрлендіріп, қолөнер шеберлері аталмыш шараға алуан түрлі жұмыстарын ұсынып, шараның маңызы мен мағынасының ажарын ашты.

Қазақстандағы балалар жылы аясында өткен ерекше өнер сайысына Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларынан, сонымен қоса, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Осакаров, Ақтоғай елді мекендерінен 90-нан астам шебер қатысып, папье-маше, полимерлі саз, ағаш, жүн, тоқыма, трикотаж және аралас материалдардан жасалған интерьерлік және авторлық қуыршақтарын ұсынды.

Толығырақ...

Кітапханада «Бүгінгі сән - КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының Апталығы аясында өтіп жатқан «Әдеби экспресс» квест ойынына экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері қатысты.

Әдеби квесттің бағыты қазақ және орыс әдебиетінің шығармаларының авторлары мен ертегілерінің кейіпкерлерімен байланысты болды.

Ойын қатысушыларды жаңа және қызықты кітаптармен таныстырып қана қоймай, топта жұмыс жасау қабілетін арттырып, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді.

Толығырақ...

Құрметті оқырман сіздердің назарларыңызға «Өзіңді жырлаймын Қарағанды» атты бейне жыр шашуымызды ұсынамыз.

Тіл – «менің» және әлемнің қосылатын тұсы.

Х.Г. Гадамер

Сүйінші оқырман! Әдебиетіміз тағы бір құнды дүниемен толықты. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы «Әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару» арнайы жоба аясында әйгілі италияндық жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» кітабын (Қарағанды, 2022 ж.) жарыққа шығарды. Аударманы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудармашы, журналист және жазушы Сүйіндік Жанысбай жасады. Кітап 200 данамен басылып шықты.

Әлемдік деңгейде бестселлер аталған Марио Пьюзоның  «Өкіл әке» атты кітабы 1969 жылы жарыққа шыққан. Итальяндық мафияның заңдары, жемқорлық, намыс жайлы жазылған бұл кітап 70-ші жылдары-ақ бестселлер болған және көп тілге аударылған. Енді ана тілімізде оқуға мүмкіндік туды.

Толығырақ...