Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір – қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез – құлық нормаларын, рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік екендігін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі еске салады.
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның рухани байлығын арттыру. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие" - деп Әл-Фараби айтқандай, негізгі мәселенің бірі - тәрбие. Рухани тәрбие ең бірінші біздің имандылығымыз. Рухани – адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі. Рухани – адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы – педагогтарының, ой – пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу – тәрбие жұмысын рухани – адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылы шілде айының 1-ші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген еді. Сол жылдан бері облысымызда Ұлттық домбыра күнін тойлау бүгінге дейін жалғасын табуда. Осыған орай Кітапханамыздың Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясын негізге ала отырып облыс төңірегіндегі қолына қазақтың қара домбырасын ұстаған өнерпаздар арасында 27-ші маусымнан 3-ші шілде аралығында дәстүрлі үшінші «Сал домбыра, Сарыарқа» атты челленджі өтті. Челленджге Облысымыздың әр өңірінен еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін дарынды таланаттар қатысты. Атап айтқанда: Қ.Байжанов атындағы «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі-Каримов Елжас , Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті – Ардақұлы Нұрмұхаммед , «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, , Қарқаралы ауданы Қасым ауылының музыка мектебінің ұстазы-Сәкен Қуат , Қарқаралы қаласының «Балалар өнер мектебі», Бүркітті ауылдық кітапханасы , Сарыобалы ауылдық кітапханасы, Егіндібұлақ ауылының моделді кітапханасының оқырмандарына алғысымыз шексіз. Бұл біздің рухани асыл құндылығымызды ұмытпағанымыз және киелі қара домбырамызға деген зор құрмет!
Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері басылып шықты.
Жазушы Әмен Әзиевтің туғанына 95 жыл.
Журналист, жазушы, Әмен Әзиев – ұлан байтақ Қазақстанның түсті металлургия байлығы, оның игерілу тарихы, Қоңырат пен Балқаш құрылысы жайын көптен зерттеп келе жатқан қаламгеріміздің бірі. Ғалым Әмен Махатұлы Әзиев 1927 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы бұрынғы «Оян» деген ауылда дүниеге келген. Оның балалық шағы, өскен ортасы Жамбыл, Қарқаралы ауылдарында өткен. Қарағандыда, Қарқаралыда, Ақтоғайда оқыған. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, ол қазіргі «Жас Алаш» газетінде, Ұлттық ғылым академиясының тіл және әдебиет институтында қызмет істеген.
Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған ғой. Сондай өлкенің бірі - қаншама жұмбақ әлемді қойнына жасырған, дарабоз дарындардын түлетіп, ұлтының ұраны болған батыл ұлдарын, өрелі өнер тұнған, небір дүлдүл өнерпаздарын дүниеге әкелген – Ақтоғай өңірі. Ел – ерсіз, жер тарихсыз болмайды. Сол тарихты меңгере алған ұрпақ бойына туған топырағын қастерлей біледі, сенімін ұялатып, сүйіспеншілігін арттырады. Осы сөзді дәлелдей түскен бүгінгі кітапханада өткен «Сарқылмас сырлы Сарыарқа» атты поэтикалық-композициялық кеш.
Бұл кеш Ақтоғай өңірінің тумасы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Театр қайраткері, сценарист, режиссер, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Аманолла Ақторғайұлы Шайбековтың шығармашылығына арналды.