Жалпы оқырманға және кітапхана мамандарына арналған «KITAP PATSHALYǴY.qz» журналын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Жазғы демалыс кезінде саяхатқа шығып, теңіз жағалауларында тынығып, табиғатты тамашалап, демаламыз! Көп адамдар жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана жаз мезгілінде демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады.
Сондықтан жылдағы дәстүрмен 5 маусымда кітапханамызда «Жазғы Оқу қаласы» Акциясы және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітапханадағы жаз» бағдарламасының тоғызыншы маусымы басталды.
Аталмыш жобалар ашылу салтанатында Қарақат мектеп - студиясының «Шалқыма» ансамблі «Секіртпе» күйін, Абай атындағы мектеп-гимназиясының «7» В сынып оқушысы Бекболат Әли «Ақ бұлақ» әнін, Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясының «6» В сынып оқушысы Рафайлова Айсара Мадиарова Қорқыттың «Сарын» күйін орындап, «Алтын сақа» бөбекжайының «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Аяпберген Айханым М. Жұмабаевтың «Ботамды көрдім түсімде» атты өлеңін оқып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.
Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
«Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» II аймақтық әдістемелік практикумының жұмысы аяқталды.
29-30 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Нұра ауданының ОКЖ-де Б. Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» әдістемелік практикумы өтті.
Практикумның мақсаты:
- Аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи ақпараттық-кітапханалық жүйені қалыптастыруға ықпал ету,
- Тиімді инновациялық кәсіби идеяларды тарату;
- Облысымыздың кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Практикум жұмысына қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің өкілдері қатысты.
2022 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы «Кітапхана және архив ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі ретінде" атты кәсіби сессиясын ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, мұрағат ісі және кітапхана жұмысы саласындағы мамандар, мемлекеттік мұрағаттар, ұлттық, ғылыми кітапханалар қызметкерлері және тарихшы ғалымдар қатысты.
Секциялық сабақтарға 100-ден астам маман қатысты. Біздің облысты. Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкерлері таныстырды: автоматтандыру бөлімінің басшысы А.А. Чен, абонемент бөлімінің кітапханашысы Ж. М. Зарубенова және құжаттарды цифрландыру секторының кітапханашысы Г.С. Мухамбетчина.