Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 1939 жылы Латын қарпінде жарық көрген "Өлеңдер" жинағын ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар! Дана да, дара туған қазақ халқының Ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, классик, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлының туған күніне орай Абай әлемін жан-жақты таныстыру мақсатында «Абай мұрасы – асыл қазына» атты бейне шолуды назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, композиторы, өз халқынан ұлт қалыптастыруға жанын салған дана тұлға – Абай Құнанбайұлының тарихи мұрасынан сыр шертетін кітаптарды дәріптеу мақсатында «Абайтану тарихы-халық тарихы» атты бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз!

Кең байтақ қазақ жерінің бөлігін алып жатқан Сарыарқа даласы - көненің көзі асылдардың мекені. Сол мекеннің бір бөлігін алып жатқан тарихы ғажайып құпиялы сырға тұнған жерлердің бірі – Ақтоғай ауданы.

Осы киелі мекеннің тарихынан сыр шертетін жаңа «Абыз дала, аңыз дала – Ақтоғай» атты кітап жарыққа шықты.

Жаңа кітапты оқырман қауымға таныстыру мақсатында2021 жылдың шілде айының 8 күні кітап авторымен тікелей эфирде жүздесу өтті.

Толығырақ...

«Парасат жолы» орталығында С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актеры, режиссері Б.М. Киекбаевпен кездесу

«Парасат жолы» орталығы ашылғалы бері кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қызықты кездесулердің куәсі болуда. Соның бірі – С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры, режиссёрі Киекбаев Бекмұхамед Мұқатайұлымен өткен кездесу. Әсерлі кездесу көптеген жанның ойындағы сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірге деген көзқарастарының өзгеруіне де септігін тигізе алды деп ойлаймыз.

Қаламыздағы қазақ театрының көрерменіне Бекмұхамед Мұқатайұлының есімі етене таныс. Көптеген жастардың қонағымызды Бек ағай деп атайтыны да осы тұста белгілі болды.

Толығырақ...