Кітапхана «Қарағандылық BOOKblogger» атты облыстық онлайн Акциясын жариялайды. Сіздерді Акцияға қатысуға шақырамыз! Сіздің сүйікті кітабыңыз жайлы бірегей, креативті бейнеролик күтеміз!
#karlib#bookbloggerkrg
1941-1945 жылдардағы соғыста ерлермен иық тіресе жүріп, ерлік көрсеткен қазақстандық нәзік жанды аруларымыз жайында әлі де ашылмай, зерттелмей жатқан тұстары бар. Ол – сұрапыл шайқастарда ерлермен қатар соғысқан қыз-келіншектер тағдыры... Олар игерген әскери мамандықтар...
Осы тақырыпта кітапханада қарағандылық запастағы полиция полковнигі Қанат Кареновтің сыйға тартқан «Қарлығаштар оралар ма = Когда вернутся ласточки» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Балаларға базарлық!
Назарларыңызға "Қарлығаш пен дәуіт" ертегісін ұсынамыз.
31 мамырда еліміз - саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Қазақ ұлтының асылдарын жойып, тұтас халықтарды туған жерінен бездірген адамзатқа қарсы жасалған ең қорқынышты қылмыстың бірі – «Үлкен Терор» ешқашан ұмтылмайды. Сол кезеңдегі зұлматжылдар тарихы көңіліңізді алаңдатып, тарих көшінетағы бір назар салғыңыз келсе, «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты бейнепрезентациясын ұсынамыз!
Қасым қазақтың ұлы ақындарының бірі ретінде ұлттық поэзия тарихында мәңгіге қалды. Бейнелеп айтсақ, қазақ деген халықтың өз елінің құрылуына тарихта "Қасқа жолды" Қасым ханның үлесі қандай болса, қазақ поэзиясы тарихындағы Қасым ақынның алар орны да сондай.
Қазір де Қасым сөзі тозған жоқ, Қасым өлеңі ескірген жоқ. Қасым уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ, Қасым – сол баяғы бір Қасым.