Құрметті оқырман қауым! "Сирек және құнды кітаптар" қорындағы топтамадан жазушы Мұхтар Әуезовтің "Индия очерктері" кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Кітапхана ісі мамандарына арналған кәсіби-аналитикалық «Кітап және Кітапхана» журналына шолу ұсынамыз.
Құрметті оқырман! Назарларыңызға «Кітап және кітапхана» мен «Кітап патшалығы» кәсіби журналдарына "Библиопресс" анонсын ұсынамыз.
Кітап оқуды дамыту: әдістер мен идеялар [Мәтін]: әдістемелік ұсыныс / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. – 7 б.
Кітап оқуды дамыту – бұл қазіргі таңда кез-келген қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ, кітапхана қызметінің де негізгі бағытының бірі - кітап пен оқуды насихаттау. Алайда, соңғы бірнеше жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын едәуір бәсеңдетті. Әрине, бұл мәселе барлығына бірдей қатысты емес. «Кітап – ой кемесі» деп білетін кітап сүйер оқырман үшін кітап оқуды дамыту әрдайым өзекті тақырыптардың бірі.
Кітапта қанша игілік барын түсінсек те, кейде оны оқуға уақыт таппай жатамыз. Қиынсынамыз, енді бірде шабытымыз келіп барлық кітапты бітіріп тастауға бекінеміз. Алайда, кітапты оқу барысында кітапты сүзгіден өткізбей оқитындар да кездеседі. Кітапты қалай таңдау керек? Оны тұрақты оқу үшін не істейміз? Пайдалы ақпаратты қалай есте сақтаймыз? Осы секілді сан алуан сұраққа жауап алу үшін «кітап оқуды дамытудың: әдістері мен идеяларын» ұсынамыз.
Бүгінгі таңда кітапханаларда кітап оқудың әдістері мен формалары айтарлықтай өзгерген. Кітаптың қоғамдағы орнын нығайту үшін дәстүрлі жұмысқа жаңа идеялар енгізе отырып, кітап оқуды дамытудың стандартты емес түрлерін белсенді енгізуде.