Армысыздар, құрметті оқырмандар! Мемлекет және қоғам қайраткері, үш ұлы бидің бірі Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлының туғанына 355 жыл. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөлімінің дайындаған «Ұлт рухының кемеңгері» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.

«Алғыс айту күні»  - ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн.

Толығырақ...

Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы елдегі БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған болатын.

1500 жыл бұрын қолданыста болған делінетін көне аспап Алтай тауының Моңғолия жағындағы Үңгіртас деген үңгірден табылған. Әуелі малшының қолына түскен аспап, кейін археологтардың қызығушылығын оятып, 2008 жылы мемлекет қамқорлығына алынады. Бұл ғылыми жаңалыққа қазақ ғалымдарының арасынан танымал түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы назар аударып, аспаптың домбыраның арғы «атасы» екенін дәлелдеп шығады. Осылайша шертпе аспаптардың тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алатыны белгілі болды.

Толығырақ...

1994 жылдың 19 қыркүйегінде KZ домені Халықаралық ақпараттық-желілік орталықта тіркелген. Бұл күн – Қазнеттің негізі қаланған күн.

Ұлттық рухтың шырақшысы: Қазақ әдебиеті газетінің 90 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2024. - 15 б.

Бүгінде 90 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған «Қазақ әдебиеті» газетінің алғаш құрылғандағы мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, әдебиетті жұртшылыққа таныту болды.

«Қазақ әдебиеті» – ана дәуірде де, бүгінгі Тәуелсіздік дәуірінде де қазақ көркем сөзінің өсуі мен өркендеуіне барынша ықпал жасаушы, Республикадағы бірден – бір қарымы мықты басылым.  

«Қазақ әдебиеті» газетінің ұзақ жылдардағы тарихына өрлегенде, бізге мәлім шежіресінде оның жұртшылық ықыласына бөленгені, елдің көңіліндегі армандар мен мүдделерді дәл тауып айтқан, проблемалық мақалалар көтере білген басылым екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен қатар газетің әр санынан қоғамдық өмір, саясат, әдебиет пен өнер,  ұлттық салт - дәстүр тақырыбын оқи аламыз. Газетті оқи отырып оның бүгінгі таңда үлкен жетістікке жеткенін көреміз.

«Қазақ әдебиеті» газетінің тойы – жалпы, қазақ әдебиетінің, қазақ мәдениетінің, ұлт руханиятының тойы, ел - жұртымыздың еңселі биігі.

Құрметті оқырман «Ұлттық рухтың шырақшысы» атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Жадынама көпшілік оқырмандарға арналаған.