Достар!

Қарқаралының ежелгі тарихымен, ғажайып табиғатымен,  бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның туған жері мен дауылпаз жырларымен жүздесу мүмкіндігін, құштарлық пен жарқын эмоциялар әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған Қарағанды жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін «ШЫҚШЫ ТАУҒА, ҚАРАШЫ КЕҢ ДАЛАҢА...» атты өлкетанулық экспедиция ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Өлкетанулық экспедиция  2024 жылдың қазан айының 10-11 күні Қарқаралы ауданында өтеді.

Шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен іске асады.

Іс-шараның мақсаты: Жастарды дауылпаз ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыру арқылы тарихи жерлермен тығыз байланыстыру.  Белсенді және шығармашыл жастардың тың идеялары арқылы, еліміздің жарқын жетістіктерін танымал ету, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, кітап оқуды алға жылжыту.

Экспедиция Қарағанды – Қарқаралы - Қасым ауылы – Сарыобалы – Қарқаралы – Қарағандытуристік маршрут бойынша іске асады.

Толығырақ...

Бүгін ҚР ІІМ Қарағанды академиясы біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталмыш мекеменің басшысы Дулат Әлиасқарұлы арнайы келіп, кітапханамен танысып, екі мекеме арасында оқу-танымдық процесті жүзеге асыру, бірлесе іс-шаралар ұйымдастыру сынды мәселелерді талқылады. Облыстық кітапхана тарапынан біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетінің кітапхана қорына «QASYM» сериясының 4-томдығы сыйға ұсынылды.

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың және “Халық қаһарманы” Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Эссе жазу байқауын ұйымдастырамыз. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Ереже