"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясы аясында поэзия жанры бойынша Ұлықбек Есдәулеттің "Киіз кітап" туындысын оқуға шақырамыз! Кітаппен танысып, рухани азықпен сусындаңыздар! КЕЛІҢІЗДЕР, ОҚЫҢЫЗДАР !!! #karlib #birelbirkitap #руханижаңғыру

Қазақ тарихында шешендігімен, тапқыр шешімі арқылы әділдігімен көзге түскен бидердің ел тарихындағы алар орны ерекше. Олардың бірегейі Төле би Әлібекұлы - қазақтың аса ірі қоғам қайраткері, қазақтың әдет-ғұрып заңдарының тәртібі мен ережелерінің  кодексі - «Жеті Жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, шешен, 17-18 ғасырларда билік еткен билеуші, дана бидің 360 жылдығына арналған “Қазақ даласының ұлы биі” атты бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз!

5 сәуір күні кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасының деңгейін көтерген көркем сөз шебері, көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Төлен Әбдіктің философиялық ойлары» атты көркем оқу кешіөтті.

Кештің мақсаты: Жазушының әдеби мұрасы мен отандық әдебиетті жан-жақты насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау және жастарды адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!

«Фаренгейт бойынша 451 градус» кітабы америкалық  жазушы, фантастика мен фэнтези жанрларының классигі болып табылатын Рэй Брэдбериге керемет танымалдылық әкелді.

Рэй Брэдберидің бұл шығармасы болашаққа жасалған көріпкелдік дей аламыз. Себебі, осыдан 70 жыл бұрын жазушы жаңа дәуір туатынын, ғаламды техниканың кереметі билеп, рухани байлықтың екінші орынға ығысатынын дәл болжаған еді.

Достар, назарларыңызға танымал автор Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус» ғылыми-фантастикалық антиутопиялық романының жарық көруіне 70 жыл толуына орай арнайы дайындалған бейне-презентацияны ұсынамыз.

Абай - ұлтымыздың бас идеологы, әлемдік тұлға. Ол адам болып қалыптасу үшін жас ұрпақтың зердесіне қандай асыл қасиеттерді сіңіру, қай бағытта тәрбиелеу керектігін айтып кеткен ғұлама адам. Ұлы ақынның арман – тілегі бүкіл адамзаттың ең биік асыл мұраттарымен  үндесіп жатыр. Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленіп, мемлекет басшысы  Қасым – Жомарт Тоқаев ұлы  ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, болашақ ұрпаққа   рухани азық болады деп зор толғаныспен сенім білдірді.

Халқымыздың рухани көсемінің  ілімі, биік мақсаттарға жетелейтін ойлы өлеңдері мен тағлым аларлық қара сөздерін, өмірбаянын ұлттық құндылық ретінде таныстыру, тереңірек сусындату мақсатында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...