Биыл  Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік коледжінде 4 мамыр күні «Қаһарман ұлы қазақтың» атты тарихи сағат өткізді.

Кештің мақсаты: Жастарды Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қ. Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да жас ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Әсіресе қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосты.

Толығырақ...

Қорғаны жоқ мемлекеттің болашағы да жоқ. Қатпарлы тарихты ақтарған сайын көзіміз осыған жетеді. Отанын қорғау – құрметті міндет.

Отанын қорғаушылар мерекесі - еліміз үшін қастерлі мереке. Бұл мереке - Қазақстан қарулы күштеріне халықтың зор құрметін көрсетеді. Ел тұрғындарының әскери қызметке сенімін нығайтып, азаматтық борыш пен әскери міндеттің мәртебесін арттырады. Бұл – әр азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын мереке. Көрнекті ақынымыз М. Мақатаев:

Оңай сөз ғой  «Отанды сүйем» деген,

Не тындырдың басымды иемменен! – деп ой тастауы тегін емес.

Толығырақ...

2023 жылдың 24 қаңтар күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат-лицейінің 10 «А» сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауына байланысты «Қуатты ұлттың деңгейі – халық» атты ақпараттық сағат өтіп, оқушылар өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті.

Оқушылардың ойынша, экономикасы дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет және ертеңгі күнге деген сенім болуы тиіс.

Толығырақ...

Қазақстан бейнелеу өнері тарихында керемет қолтаңбасы бар, хас суретші Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасовтың туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай, кітапханада «Қылқалам шебері» атты сурет-көрмесі қойылды. Көрмеден оқырмандар суретші туралы кітаптар мен газет-журналдарда шыққан мақалалады және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан алынған туындыларымен танысып, оқи алады.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Құрметті оқырмандар! Дауылпаз ақын, жерлесіміз Қасым Аманжоловтың кітапханамыздағы «Қыран қанатты ақын» шағын сайты жаңа деректермен толықты.

Өздеріңізге белгілі Қасым ақын 1931-1936 жылдары тарихы терең Орал қаласында өткізеді. Жиырма жасар Қасым әскери борышын атқара жүріп, «Екпінді құрылыс» газетінің редакциясына өлеңдерін жариялаған. Кейін сол «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады.

Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор болды. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.

Құрметті оқырман назарларыңызға Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінен алынған «Екпінді құрылыс» газетінің 1934-1936 жылдардағы ақынның латын әліпбиінде жазылған өлеңдерін ұсынамыз!

Толығырақ...