Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 маусым күні сағ.11.00 де ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Аға буын мен жас буынның арасында театр өнерінің кешегісі мен бүгінін зерделеу, жалпы театр жөнінде әңгіме өрбітіп оқырмандарға қаламыздағы мәдени ошақтың маңыздылығын насихаттау мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық  академиялық қазақ драма театрының 90 жылдық мерейтойына арналған «Арқадағы өнердің Ақсарайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кештің құрметті қонақтары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Құрман Өмірбекұлы Қалымов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков,  С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы – Сағат Сыдыққызы Батырхан, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі – Айдын Абзалбекұлы Салбанов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жас актері – Қуаныш Жаппаров келіп қалың оқырманмен кездесті.

Толығырақ...

Шынболат Ділдебаев (1937-1998) Сыр сүлейлерінің сарқытын ішіп, Арқаның ақтанкерлерінің жолын қуған, есімі бүкіл республикаға танымал ақын, жыршы, термеші, өнердің ерен жүйрігі, ұлтымызға белгілі өнер саңлақтарының бірі. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды, шебер термешілдігімен танылды.

Толығырақ...

Конституция күнін мерекелеу қазақстандықтар үшін - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн. 1995 жылғы 30 тамызда сол айтулы күні өткен жалпыұлттық референдумда, Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдап, оны қазақстандықтардың көпшілігі бекіткен Республиканың Негізгі Заңы қабылданды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде - «Конституция – біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі»,- деп нақты айтып  өтті.  

Бұл мереке ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының еркін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын көрсетеді. (Қазақстан Конституциясының 1-бабы).

Толығырақ...

Сыйға тартқан жаңа кітаппен таныс болыңыздар!

Өлкетану әдебиеттері бөліміне академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры, психология ғылымдарының докторы Әмірова Бибісара Әубәкірқызы «Аты – аңыз, өмірі – өнеге ғалым, психолог Сәлкен Балаубаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Қазақ даласына алғаш психология ғылымын қазақ тілінде сөйлеткен ғұлама ғалым, ұстаз жайлы кітапты оқуға асығыңыздар!

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында 24 ақпан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қабырғасында, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Қазақ халқының рухани көсемі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқырмандар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Толығырақ...