Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 15 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновтің қатысуымен Түрксой басылымдарын Қарағанды қаласы кітапханаларына табыстау рәсімі өтті.
Шығармашылық жолында еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген облыс жастарының жеткен жетістіктерімен таныса отырыңыздар.
2021 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапханада «Ақпараттық кеңістіктегі кітапханалардың даму үрдісі» атты VІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыс кітапханаларының жағдайын талдау, пандемиядан кейінгі кезеңдегі кітапханалардың даму стратегиясын анықтау, кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Облыстық семинарға облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары, «OrdaGen» жобасының атқарушы директоры Байдібек Нұрланұлы қатысты.
Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Ә.Нұршайықовтың "Мәңгілік махаббат жыры" кітабын оқуды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қабырғасында «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» атты жастар поэзиялық баттлы өтті.
Баттлдың мақсаты мен міндеттері - жастардың Тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек білуіне, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, қазақстандық азаматтық пен патриоттықты қалыптастыру. Қазақтың ақын-жазушыларының шығармашылығын дәріптеу, тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі тұлғаларын тануға ықпал ету, жастарды кітап оқуға баулу, талантты жастардың талаптарына қолдау көрсету.