2021 жылғы 1 желтоқсанда қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты мереке ерекше маңызға ие болды.

Мереке күнін таңдаудың тарихи алғы шарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды. Алғашқы бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды.

1991 жылы халық басты және стратегиялық басымдықтары мен ұлттық бірлікті, барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануды, белгілеген Президентті таңдады.

2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» және «ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Бұл күн Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс –шаралар жоспарын іске асыру аясында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы «Елбасы ұраны – мәңгілік Ел» атты иллюстративті кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің идеясы: Егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы, дамыған экономикадағы, сыртқы және ішкі саясаттағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін, оның қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен саяси қайта құрудағы зор үлесін көрсету.

Кітап көрмесінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінен бастап, металлург, қоғам және партия қайраткерінен Тәуелсіз Қазақстанның саяси Көшбасшысына дейінгі жолын ашатын, Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары туралы, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері, қазіргі тарихтағы Ұлт Көшбасшысының рөлі, кітаптары мен мерзімді басылымдар материалдары қойылды.

Ең алдымен, Елбасының 30 жылдық қызметінің негізгі нәтижелерін көрнекі және жан – жақты көрсететін, Қазақстандағы экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың табыстарын қамтамасыз еткен және мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму перспективаларын анықтаған әдебиеттер ұсынылған.  Бірінші кезекте – Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сөздері, баяндамалары, сұхбаттары, кітаптары, монографиялары, энциклопедиялары. Олардың арасында «Сындарлы он жыл», «В эпицентре мира», «Еуразия жүрегінде», «Халыққа арнау», «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», «Уроки истории и современность», «Тәуелсіздік дәуірі», «Тәуелсіздік белестері» және т. б. кітаптар ұсынылған.

Оқырмандардың назарын «Летопись Лидерства» кітабына аударамыз (Нұр-сұлтан, 2020). Кітапта еліміздің Тұңғыш Президентінің баға жетпес рөлі арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды тарихи жетістіктеріне ретроспективті шолу ұсынылған. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сөзсіз, өз халқына шексіз қызмет ету, саясаткердің жарқын таланты және бірегей стратегиялық ойлауымен ерекшеленетін әлемнің көрнекті мемлекет қайраткерлерінің когортына кіретіні туралы беделді сарапшылардың пікірі келтіріледі. Бұған дәлел «Нұрсұлтан Назарбаев: қызмет хроникасы: 1990-2017» көп томдық басылымы (26 том). Бұл басылымдарда 1990-2017 жылдары елімізде және шетелдерде Елбасының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңде Елбасының сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, әр жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы (Алматы, 2017) еліміздің жаңа тарихымен оның болашағына деген көзқарасты бейнелейді. Егеменді мемлекет құрылған сәттен бастап оның құрылыс кезеңдерінің сипаттамасына басты назар аударылады. Кітап біздің елімізде де, шетелде де оқырмандарға да қызықты болады.

Көрмеде ғалымдардың, журналистердің, публицистердің кітаптары, саяси зерттеулер және т.б. өмірбаяндық сипаттағы әдебиеттер толық ұсынылған. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны «Нұрсұлтан Назарбаев» (Алматы, 2015) «Өнегелі өмір» сериясында жарық көрген арнайы басылымда жан-жақты көрсетілген. Бұл кітапта Президент өмірі мен қызметінің автобиографиялық материалдары, оның балалық және жасөспірім шағының естеліктері жинақталған. Мемлекет басшысының дәрістері мен жастар форумдарында сөйлеген сөздері, тәуелсіздіктің қалыптасуы мен жас ұрпақтың болашағы туралы ойлары топтастырылған. Сондай – ақ, ЖЗЛ топтамасынан В.Ф.Михайловтың және Т.А.Мансуровтың «Нұрсұлтан Назарбаев» кітабы (Мәскеу, 2015 ж.) ұсынылды, онда біздің көрнекті замандасымыздың өмір жолы, оның өз Отаны мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында ғана емес, бүкіл әлемде жалпыға бірдей құрмет пен мойындауға ие болған көп қырлы саяси қызметі баяндалады.

Елбасының еңбек және саяси өмірбаянында Қарағанды, Қарағанды облысы және Теміртау қаласы ерекше орын алады. Көрмеде тұңғыш президенттің біздің өңірмен ерекше байланысы туралы баяндайтын кітаптар, фотоальбомдар, Қарағанды облысына келуі туралы, өзінің еңбек жолын кіммен бастаған ардагер-металлургтермен кездесулері туралы материалдар ұсынылған. Н.Ә. Назарбаевпен кездесулерден алған әсерлерін Қарағанды жазушы-публицисті В. М. Могильницкийдің «Біздің Назарбаев» (Қарағанды, 2008 ж.) атты кітабында баяндалған.

Көрмеде ерекше орын алған «Президент: 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 ж. негізгі оқиғалардың фототүсірілімі» кітап-фотоальбомы ұсынылды, ол Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен негізгі ішкі және халықаралық оқиғаларды бейнелейтін фотоматериалдар жинағы болып табылады.

Сонымен қатар, кітап көрмесі кеңестік кезеңдегі газеттермен (Известия, 1991 ж.), республикалық, облыстық газеттермен (1991 ж.) қазақ және орыс тілдерінде толықтырылды, онда 1991 жылғы халық сайлауы, Елбасы президенттігінің қалыптасуының алғашқы қадамдары туралы материалдар бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын бейнелейтін Н.Назарбаевтың еңбектерінің көп томдық басылымдарынан ресімделген 30 саны – кітап инсталляциясы қызықты түрде ұсынылған.

Кейінгі шыққан мақалалар ішінде: «Егемен Қазақстан» газетінде 2020 жылы 1 желтоқсанда З.Шәукенованың «Салиқалы саясат сабақтастығы» атты мақаласында Елбасының елдің жаңа тарихындағы үлкен рөлі, көшбасшылығы, аса көрнекті қасиеттері, сарабдал саясаты, Отан мен халықтың баға жетпес еңбегі туралы әңгімелейді.

Кітап көрмесінде ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған кітапхана топтамасының аз ғана бөлігі екені сөзсіз.

Құрметті оқырмандар! Біздің кітапхананың Білім орталығында рәсімделген кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Елбасыға арналған әдебиеттермен толық танысу үшін оқу залдары бөліміне хабарласыңыздар.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы күні құтты болсын!

 

Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы: Шохшина Ж.