Аталмыш акция еліміздің барлық өңірлерінде, облысымыздың қала, аудан, ауылдарында ұйымдастырылып, қалың көпшіліктің оң бағасын алды.
Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, әлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.