Күні кеше Арқа төсінде тереңдігі теңіздей, асқақтығы таулардай, мөлдірлігі тамшыдай, өткірлігі қамшыдай қасиетті қара өлеңнің дүбірлі мерекесі тойланды. Ол – кітапхана жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мерейлі 10 жылдық мерейтойы.
"Жаса мәңгі, жауһар жыр!" деген атпен ұйымдастырылған аталмыш кеш поэзиялық қойылыммен ашылды. Баяу әуенге елітіп, мың бұралған Муза біресе жазу үстеліне жақындаса, енді бірде
...