Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.
Аталмыш шараға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасын талқылап, ойларын ортаға салды. Соғыстан кейінгі Ербол мен Меңтайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, туралы түсіндіре отырып, романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Махаббаттың құндылығы және оның әрбір адам баласының өмірінде қаншалықты маңызға ие екендігі туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті. Оқырмандарға «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериалдан үзінді ұсынылды.
Жалпы, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жалпыхалықтық экологиялық сауат ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Осыған орай, «Ой-орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы экология тақырыбына арналды.
Клуб мүшелері Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Ауелбекова Арайлым Жоровнамен, Қарағанды облыстық мемлекеттік экологиялық департамент басқармасының аға инспекторы - Көлебаев Бахтияр Тілеуғазыұлымен кездесті.
19 қыркүйек күні халықаралық іс-шара Ресей ұлттық кітапханасымен (Санкт-Петербург қ., РФ), Ресей мемлекеттік жастар кітапханасымен (Мәскеу қ., РФ), А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық кітапханасымен (Омбы қ., РФ) Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімімен басталды.
Сонымен бірге кітапхана төрінде кітапхана ісін жандандыруға бағытталған мерейтойлық іс-шараның жалғасы ретінде қазақ әдебиетінің, аймақтың шығармашылық шыңдалуына өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет модератор болды. Дөңгелек үстелде қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелер мен баспа ісі, ақын-жазушылар цифрлық оқу дәуірінде «жазушы – оқырман» диалогы қалай дамитыны, «өз» оқырманын қалай көргісі келетіні, оқырманымен кері байланыс қажет пе және олардың пікірлері туралы өз ойларымен бөлісті.
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығы туралы баспалық және электрондық БАҚ беттерінде кеңінен жарияланды.
Облыстың басты кітапханасының тарихы, кітапхана мамандары, кітап және кітапхананың қазіргі өмірдегі рөлі «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің беттерінде көрініс тапты. Кітапхана туралы шолу материалдары, кітапхана оқырмандары мен серіктестерінің мақалалары, сондай-ақ «Гоголевка» кітапханашыларымен сұхбаттар жарияланды. БАҚ өкілдері «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk жұмысына ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, Қазақстанның кәсіби басылымдарында кітапхананың 90 жылдығына арналған кәсіби мақалалар жарияланды.
Биыл Қарағанды өңіріндегі ең ірі кітапханалардың бірі – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтойлық іс–шаралар аясында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 18-19- қыркүйек күндері «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өткізілді.