Құрметті оқырмандар!
Сыйлыққа тартылған жаңа кітапты оқуға асығыңыздар! «Чипси мен шибауырсақ» балаларға арналған тәрбиелік мәні зор кітап.
Балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген тіл жанашыры Жақан Жұпар Рысқұлқызының кітабына енген мысал әңгімелері балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, жаман әдеттен сақ болуға тәрбиелейді.
Жазғы демалыста балаларыңызбен бірге оқыңыздар!
12 маусымда Қарқаралы қаласының 200-жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарқаралы ОКЖ базасында «Кітапханалық өлкетану мүмкіндіктер аумағы» атты облыстық семинар өткізді.
Семинар жұмысына облыстық кітапханалардың және орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен жетекші мамандары қатысты.
Семинар қатысушылары мен қонақтары ән-шашумен қарсы алу рәсімінен кейін, кітапхана ғимаратының алаңында ұсынылған «Ата қоныс арқадағы шежірелі Қарқаралы» көрме-инсталяциясын тамашалады.
Сыйға тартқан жаңа кітаппен таныс болыңыздар!
Өлкетану әдебиеттері бөліміне академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры, психология ғылымдарының докторы Әмірова Бибісара Әубәкірқызы «Аты – аңыз, өмірі – өнеге ғалым, психолог Сәлкен Балаубаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.
Қазақ даласына алғаш психология ғылымын қазақ тілінде сөйлеткен ғұлама ғалым, ұстаз жайлы кітапты оқуға асығыңыздар!
2024 жылдың 11 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына арналған дәстүрлі «Жазғы Оқу қаласы» жобасы жұмыс жасауын бастады. Бұл жоба 2013 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асырылып, оныншы рет өткізілуде.
Жобаның мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту.
Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам жазғы оқу залының оқырманы бола алады.
Достар! Назарларыңызға жаңа виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз! Көрмеден қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушысы, қазақ кәсіби сахна өнерінің абызы, жүз елуге жуық роль ойнап, өшпес ізін, ұмытылмас өнегесін қалдырған Қалибек Қуанышбаевтың шығармашылығымен таныс боласыздар. Жазғы демалыста балаларыңыз үшін кітап көрмемізге саяхат жасау КЕРЕМЕТ мүмкіндік! Көріңіздер, парақтаңыздар, ой-пікілеріңізді жазыңыздар