Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қабырғасында «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» атты жастар поэзиялық баттлы өтті.

Баттлдың мақсаты мен міндеттері - жастардың Тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек білуіне, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, қазақстандық азаматтық пен патриоттықты қалыптастыру. Қазақтың ақын-жазушыларының шығармашылығын дәріптеу, тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі тұлғаларын тануға ықпал ету, жастарды кітап оқуға баулу, талантты жастардың талаптарына қолдау көрсету.

 

Облыстық кітапхана төрінде Қарағанды жоғары оқу орындарының креативті, болашағы зор, талантты студенттері өнер көрсетті.

Қатысушыларды бағалау үшін қазылар алқасының құрамына Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы – Жанат Жаңқашұлы, ақын – айтыскер - Тілеген Әділов, ақын, жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы - Сәттібай Жүнісов шақырылды .

Құттықтау алғы сөзбен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нелдібаев Ерлан Мекежанұлы сөз сөйледі.

Баттл төрт кезеңде өтті. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің «визит карточкаларын» ұсынды, яғни командаларын таныстырды. Бұл командалардың қысқа сөз сөйлеуі болды, бірақ олардың атаулары іс-шараның рухына сәйкес келді: Қарағанды техникалық университеті – «Алты Алаш», Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Тәуелсіз елдің қырандары», «Bolashaq» Академиясы –«BOLASHAQ», Орталық Қазақстан Академиясы – «Жалын», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – «Мұзбалақ», Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Теміртау қаласы – «Жас қазақ».

Жеребе тартқан соң командалар ойынды бастады.

«Тәуелсіздік – жасампаздықтың қайнар көзі» бірінші турында қатысушыларға елдің қоғамдық-саяси өмірін, оның болашағын баяндайтын тақырыптар ұсынылды: «Болашақтың кілті IT технология», «Мен де бір кірпіш дүниеге...», «Ел жүрегі», «Галактикалық ойлар», «Тәуелсіздік таңында тарихқа тағзым», «Мен - тәуелсіздік ұрпағы». Екінші турда «Елдің жетістіктері мен табыстары» атты үй тапсырмасы ерекше ұсынылды. Қатысушылар өз шығармаларының 20 жолдан тұратын бір поэзиялық шығармасын оқыды. Командалар арасында филологтар ғана емес, экономистер, болашақ инженерлер де болды, сондықтан бұл тапсырманың орындалуына қазылар алқасы ерекше назар аударды. Әр түрлі бағыттарда оқитындарына қарамастан, жастар тапсырманы Баттлдың тақырыбына, мән-мақсатына лайықты орындады. Қазылар алқасы арасында, әрине, дау туды, өйткені қазіргі поэзия дәстүрлі жанрдан гөрі тың идеялар, жаңа формалар іздеуімен сипатталады. Қазылар алқасы жастардың туындыларынан шығармашылықты, жанжақтылықты, өткірлікті және тіпті сынды көргісі келді. Дегенмен, жастар қазылар алқасының көңілінен шыға білді, баттлдың бұл кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Қазақстанның көрнекті тұлғалары – халықтың мақтанышы. Бұл іс-әрекеттері ұлттық тарих шежіресінде жазылған адамдар, еліміздің бетке ұстар азаматтары. Бұл есімдер мен олардың жетістіктерін әрбір қазақстандық білуге тиіс. «Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан тұлғаларға ақындық арнау» атты үшінші турда Қазақстанның жаңа тарихына үлес қосқан заманауи тұлғалар ретінде тарихқа енген біздің отандастарымыздың есімдерінің тізімі дайындалды. Бұл – саясаткерлер, бизнесмендер, қаржыгерлер, әртістер, спортшылар, ақын-жазушылар: Нұрсұлтан Назарбаев, Марғұлан Сейсембай, Серік Сапиев, Тоқтар Әубәкіров, Серік Сағынтай, Димаш Құдайберген,  Қайрат Кемалов және т.б. бірнеше минутта қатысушылар еліміздің көрнекті тұлғаларына арнау жазып шығарды.

Соңғы, төртінші турда, «Эрудиттер сайысы» - қазіргі Қазақстанның маңызды тарихи фактілерін білуге арналған блиц-турнир бойынша сайысқа түсті

Баттл қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

  • Бас жүлдені Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Тәуелсіз елдің қырандары» командасы жеңіп алды,
  • I орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Мұзбалақ» командасы,
  • II орынды Қарағанды техникалық университетінің «Алты Алаш» командасы мен Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің «Жас қазақ» командасы бөлісті,
  • ІІІ орынды «Bolashaq» академиясының «BOLASHAQ» командасы және Орталық Қазақстан академиясының «Жалын» командасы бөлісті.

Ойында командалар өздерінің білімдарлығымен, жарқын көңіл күйлерімен, тапқырлықтарымен барша көрерменді баурап алды. Дайындыққа бөлінген уақытта, баттл кезеңдерінің аралығында қатысушылар және олардың жанкүйерлері Отанға, туған жерге арналған ән салып, өлең оқып, музыкалық шығармалар ұсынып, іс-шараның ажарын келтірді. Міне, жастар осындай болуы тиіс! Біз бұл іс-шара барлық қатысушылар үшін, көрермендер мен әділ қазылар үшін дос-жақын арасында өткен сыйластыққа, шаттыққа толы күн ретінде есте қалады деп шын жүректен үміттенеміз.

Іс-шара соңында қазылар алқасы поэзиялық баттлды ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысын білдіріп, мәдениет пен қоғамның дамуы жаңа ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, өз еліне, оның тарихы мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігіне тікелей байланысты болып келетіндіктен, осы баттл сияқты іс-шаралардың өте маңызды екенін атап өтті.

Баршаны еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының.

Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Еліміз гүлдене берсін, өркендей берсін, бейбіт өмір мен береке болсын!

 

Оқу залы бөлімінің басшысы Ярцева Э.К.