Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты
Жолдауына ПІКІР
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің азаматтарына әрдайым үлкен үміт пен сенім ұялатып, алға қимылдауға деген құлшынысты арттырады. Мемлекет Басшысының биылғы жылғы Жолдауын ерекше күттік. Пандемиямен күрес жалғасып жатқан осынау қиын-қыстау кезеңде, Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау міндеті мемлекет үшін бастапқы міндет боп отырған уақытта біздің еліміздің алға дамуы қалай болмақ?!
Бізді ертең не күтіп тұр, жуырдағы жылдарда мемлекеттің саясаты қандай болмақ, лайықты өмір сүре аламыз ба – міне, осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауаптарын Президент өз Жолдауында берді.
2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі Жолдауда Президент толықтай ішкі мәселелер мен олардың шешу жолдарына тоқтады.
Президент жаңа экономикалық бағдардың негізгі жеті бағытын көрсете отырып, азаматтардың міндеттері мен игілігін әділ үлестіру принциптерін бастапқы орынға қойды. Тұрғын үй мәселесін шешу – әлеуметтік саланың басты проблемасы екені сөзсіз. Мемлекетпен қабылданған барлық бағдарламаларға қарамастан жас отбасылар мен бюджеттік саланың қызметкерлерінде баспананың болмауы мен оны сатып алу мүмкіндігінің жоқтығы қоғамда әлеуметтік қобалжуды тудыруда. Сондықтан біз Мемлекет Басшысының «2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларына басқаруға жұмсай алады» деген сөздерін толықтай қолдаймыз.
Президент еліміздегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға ерекше тоқтап, «Қазақстанда әр 6-шы отбасы бала сүйе алмайды. Көптеген қазақстандықтар үшін бұл ажырасуға негіз боп отыр» деген көптеген отбасы үшін ауыр сұрақты қозғады. Мемлекет Басшысының «ЭКО бағдарламалары аясында квота санын 7 мыңға дейін көтеріп, яғни 7 есе көп көбейтетін арнайы бағдарлама әзірленетін болады» деген сөздері көптеген жанұяға үміт шырағын жақты деп ойлаймын.
Бүгінгі Жолдау еліміз бен әлемдегі ахуалмен тура қатынастырылған. Бағдарламалық құжат болып табылатын Жолдау ашық әрі нақты әрекеттің бағдарламасын беріп қана қоймай, қоғамды жандандыратын, өзіне және болашағына деген сенімді арттыратын үміт сыйлайды.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Д. Аманжолова