Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты кітапхана 22 маусым күнінен оқырманға қызмет көрсетуді тоқтатады және онлайн режимге ауысады.

Кітапхананың оnline қызметтеріне жүгінуді ұсынамыз:

  • Онлайн-каталог - көлемі 350000-нан астам кітаптар мен мақалалардың библиографиялық жазбаларын құрайды. Онда Сіз өлкетану тақырыбының толық мәтінді құжаттарын таба аласыз;
  • Құжаттарды электронды жеткізу- мақалалар мен кітап үзінділерінің цифрлық көшірмелеріне тапсырыс беру. Кітапхана оқырмандардың электрондық поштасына кітаптар мен мақалалардың бөліктерін іздеу, сканерлеу және жеткізу бойынша қызметін көрсетеді;
  • Виртуалды анықтама - қашықтағы пайдаланушылардың сұранысын орындайды. Әдебиеттер тізімін ұсыну мүмкіндігі бар;
  • «Сарыарқа» электронды кітапханасы - Қарағанды және Қарағанды облысы туралы толықмәтінді құжаттарға қол жеткізу;
  • Виртуалды көрмелер- тақырыптық және дербес сипаттағы толық мәтінді құжаттар ұсынылған.
  • Online-кітапты ұзарту - Абонемент бөлімінен алынған кітаптарды пайдалану мерзімін тез және ыңғайлы ұзартуға мүмкіндік береді .

Өлкетану сипатындағы қосымша ақпаратты кітапхана сайтындағы ақпараттық ресурстарға хабарласу арқылы ала аласыз:

 Біздің жаңалықтарды кітапхана сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан бақылап отырыңыз. Қызықты ақпараттар көп болады. Карантин уақытында бізбен бірге ішіңіз пыспайтынына сенімдіміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

Карантин кезеңінде Борышкер-оқырмандарға қатысты айыппұл ықпал шаралары қолданылмайтындығы жөнінде назарыңызды аударамыз!

 

Байланыс телефондарымызды еске саламыз:

Онлайн-қабылдау

email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 Тел/факс:7 (7212) 56-76-55, 7 (7212) 56-74-64