Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_naimanbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_naimanbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Сарыарқа талай дүлдүлдер мен бұлбұлдарға  құндағында құтты өнер сыйлаған қасиетті  өлке. Өз өлкесінен қанат қаққан бір кездегі  нар тұлғалар қазіргі кезде қазақ елінің тарихында мәңгі сақталатын өзі өлсе де, өшпес мұра  қалдырған  жандар. Солардың бірегейі айтыскер ақын Көшен Елеуовпен, сазгер, ақын Әсет Найманбаев. Халық ақындарының өмірі мен өнері туралы бір үзік тоқтала кетер болсақ:

Бала Көшен жас  кезінен ән – жырға жақын болып, домбыра тартып, өлең айтып, қиссалар мен батырлар жырларын үйреніп өскен. Төңкеріске дейін дейінгі уақытта ауылдарды аралап, суырып салма ақындармен кездесіп, өнерлерін тамашалаған. Осы жайттар ақындық өнерге бет бұруына себепкер болады.1916 жылы патша жарлығымен майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында жұмыс істей жүріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын шығарады. Өлеңдерінде сол кездегі қара халықтың ауыр тіршілігін жырлайды.

Әсет Найманбаев – асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға мол мұра қалдырған, біртуар тұлға. Әсет шығармаларының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі бүкіл жан дүниесі сезіледі. Әсеттің шығармаларын оқи отырып, Абай шығармаларымен бір үндестік байқауға болады. Оның себебі, өзінің ақындық өнерімен сол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттаған, демократиялық – ағартушылық идеяларын Абайша өлеңмен жеткізген. Сондықтан да, ақын мұрасының қаншалықты құнды, өміршең екендігін байқауға болады.

Осындай қазақ халқының мақтаныштарын болашақ ұрпақ санасына сіңіріп, ұмыттырмай, дәріптеу парыз. Осыған орай, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ғылыми – әмбебап кітапханасында Көшен Елеуовтың туғанына 125 жыл, Әсет Найманбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай "Қалдырған арда өнері бабалардың..." атты әдеби - сазды кеші өтті.

Кеште Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы, белгілі айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов ақын Көшен Елеуовтың өмірі мен өнеріне терең тоқталып, көрермен жастарға біраз мағұлмат берсе, тарихшы Темірғали Аршабеков өзінің зерттеу жұмысының нәтижесінде жарық көрген "Арқаның Әсет ақыны" атты кітабын таныстырды.

Әсет шығармашылығының айрықша бір саласы – оның айтыстары. Осы жөнінде ҚР мәдениет қайраткері, әнші  Дәуренбек Әркенов тоқтала кетіп,  Әсет пен Кемпірбайдың айтысынан үзіндіні нақышына келтіре орындап, көрермен ризашылығына бөленді.

"Арқа" айтыс ақындары мен жыршы – термешілер мектебінен келген қонақтарымыз әдеби кештің ажарын енгізе түсті. Талай республикалық айтыстардың жүлдегері, азулы айтыскер ақын Дидар Қамиев арнайы келіп, "Алпамыс" жырын орындап, тосын сый жасады.

{gallery}material/news/2017_naimanbaev{/gallery}

Сондай – ақ, бұл кеште Д. Әркеновтың шәкірті 2017 жылы өткен Әсет Найманбайұлы атындағы облыстық ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған Нұрболат Ұзақбаев Әсеттің "Кіші Ардақ", "Інжу-маржан" әндерін  орындаса жас жыршысы Абзал Манашев ақын Доскейдің Кенесары туралы жырынан шашу шашты. Оқырман назарына ұлтжандылығымен халқымыздың рухани құндылықтарының адал жоқшысы бола білген, бүгінде өзі де ұлттық құндылығымызға айналған Ә.Найманбайұлы мен К.Елеуовтың мұрасын насихаттауға арналаған "Қалдырған арда өнері бабалардың..." атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.

{gallery}material/news/2017_naimanbaev1{/gallery}

Кеш соңында сөз алған №2 "Білім-инновация" лицей-интернатының оқытушылары  ақындардың өмірі де өнері де мәңгілік, олардың асыл да бай рухани мұрасы халқымен бірге мәңгі жасай бермек деген ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана ұжымына, рухани танымдық кешті өткізуге ат салысқан қонақтарға зор ризашылықтарын білдірді.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жаннұр Елубаева