Құлаққағыс!

Ұлтын сүйген, отаншылдық сезімі орасан әдеби шығармашылықтың бар саласында қолтаңбасын қалдырған жерлесіміз Қапан Сатыбалдиннің 100 жылдық мерейтой қарсаңында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында

2017 жылдың 16 қараша күні сағат 12.00.-де "Мен жырлаймын..." атты кеш өтеді.

Кешке Қапан Сатыбалдиннің  Мәскеу қаласында тұратын үлкен қызы, биология ғылымдарының кандидаты Наркес Қапанқызы Сатыбалдина және Алматы қаласынан туысы Агилес Абдуллаевна Мусаева қатысады.

Кеш барысында Н.К.Сатыбалдинаның құрастыруымен Мәскеу қаласы, "Издательский Дом Высшее Образование и Наука" баспасынан 2017 жылы жарық көрген "Мен жырлаймын..." жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.

Өлкетану әдебиеті бөлімі қызметкерлері мерейтойға арнайы дайындаған "Жазушы Қапан" атты виртуалды кітап көрмесінің таныстырылымы болады.

Құрметті оқырман қауым, Қ. Сатыбалдиннің шығармашылығы мен өмір жолынан толық мағлұмат беретін танымдық кештің куәсі болыңыздар!