Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kruglyi_stol1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kruglyi_stol1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы", - деп пәтуалы сөз айтқан екен. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы, рухани келісімі болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек. Осыдан 25 жыл бұрын, 18 қазан – Қазақстан қоғамында берік орныққан рухани келісім мен халқымыздың мәдени дамуындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетелейтін күн болып белгіленді. 1992 жылғы қазан айында Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші Конгрессін өткізуде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі ерекше. Аталған Конгресске қатысқан танымал діни және қоғам қайраткерлері осы күнді адамдар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу және бітімгершілікті іздеу күні ретінде бекітуді ұсынған болатын.

Рухани келісім күні қарсаңында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 12 қазан күні "Конфессияаралық бірлік - рухани келісім негізі" атты кездесу өткізді. Бұл айтулы күн Қазақстан қоғамында берік орныққан рухани келісім мен халқымыздың мәдени  дамуындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетелейді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшы тобының мүшесі, профессор В.Б. Молотов-Лучанский, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы, қоғам қайраткері Б.М. Мұсабеков, Қарағанды облысының дін істері басқармасының бас маманы Н.В. Сарсембаев, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының сараптау және талдау, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің жетекшісі А.Ж. Төкеновқатысты. Сонымен қатар, қаламыздың ЖОО мен колледж студенттері шақырылды. Қазіргі кезде керекті ақпаратты алу үшін адамдар кітапқа, журналға, теледидарға емес, кез келген ақпаратты тез әрі жеңіл алатын әлеуметтік желіге  жүгінеді. Осының негізінде кітапхана "Рухани келісім – татулық тұғыры" атты көрмені келген қонақтар мен тұрақты оқырмандарымызға таныстырып, оқырманның ойлау жүйесіне әсер ететін, дін және қоғамға деген көзқарасына жаңаша ой салатын мазмұндағы кітаптар бар екенін сөзге тиек етті.

{gallery}material/news/2017_kruglyi_stol1{/gallery}

Қазіргі таңда еліміздегі діни бірлестіктер тарапынан қайы­рым­дылық көмек көрсету, отба­сылық құндылықтарды ны­ғайту, қылмыстың алдын алу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану  сияқты көптеген маңызды ақпараттар берілді.

Келген оқырмандар сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Оз ойларын білдіріп, ат салысты. Рухани кездесу болды!

 Кульмағамбетова Гульжазира, мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы кітапханашы.