[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_den_otkritih_dverej2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 10 қазанында дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Осы жылы ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына арналды.
Таңертеңнен бастап келушілерге қызықты да танымды алаңдар жұмыс жасады: "Кітап әлемі" библиосеруені, тақырыптық кітап көрмелері, "Туған жерім –Сарыарқа" викторинасы, күзгі буккроссинг, "Өзің жазыл да - досыңды жаз" акциясы. Алғаш рет келушілердің назарына "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла" атты Акция аясында кітапхана қорынасыйға тартылған, 1939 жылы Алматы қаласының "Казахстанское издательство художественной литературы" баспасында жарық көрген "Батырлар" атты бір кітаптың көрмесі ұсынылды.
Келушілер зор ықыласпен "Мозговой штурм", "Полиглот" зияткерлік ойындарына, "Бір ел – бір кітап", "Танып ал және ата" атты акциялардың викториналарына қатысты.
{gallery}material/news/2017_den_otkritih_dverej2{/gallery}
Кітапханада "Күзгі буккроссинг" акциясын өткізу дәстүрге айналған. Кітапхана фойесінде барлық оқырмандар үшін еркін кітап айырбастау ұйымдастырылды. Бұл акцияның қағидасы – "Оқы да – өзгеге бер".
{gallery}material/news/2017_den_otkritih_dverej1{/gallery}
Кітапханаға алғаш жазылған оқырмандар, кітапхана қызметкерлерінің өткізген сұхбатына белсене қатысты. Олар кітапхана, оқу, өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары туралы алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Оқырмандар назарына кітапханамыздың өмірі жайлы сыр шертетін бейнеролик ұсынылды.
Ашық есік күні аясында 09 қазаннан 29 қазан аралығында "Кітаптарды кітапханаға қайтарыңыз" атты Акция жарияланды. Барлық оқырмандарға осы уақыт аралығында кітаптарын айыппұлсыз тапсыру мүмкіндігі туды.
Ашық есік күні кітапханашылар үшін және жаңа оқырмандар үшін де жемісті болды. Осы күні келген 600-ден аса адам біздің оқырманымыз атанды.