Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2014_otchet is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2014_otchet is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2014 жыл кітапхана тарихының беттерінде ерекше орын алды, себебі бұл жылы кітапхана 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл жылы кітапхана мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіліп, кітапханашылар мен оқырмандар арасында кітапханаға арналған үздік слогандар, электрондық және баспа БАҚ арасында "Гоголевка" туралы үздік мақала"байқаулары ұйымдастырылды. Сирек және құнды кітаптар қоры бойынша "Мәңгілік байлық" атты буклет басылып шықты.

Кітапхананың 80 жылдығына арналған "Заманауи кітапхана: даму векторы" атты Республикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына ҚР ҰК Бас директоры Ә.Асқар, Новосибирск және Свердловск облыстық ғылыми кітапханасы директорының орынбасарлары В.А. Деев және О.В. Морева қатысты.

Жылдың есте қаларлық тағы бір оқиғасы "Сандық замандағы кітапхана. Электрондық қызметтер мен сервистер" атты VI Жазғы Интернет-Университеті. Ұйымдастырылған шара Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары арасында тиімді тәжірибе алмасу мен оны кеңінен тарату шаралары аясында өткізілді. Тәжірибелік сабақтар мен тренингтерді кітапхана саласының беделді мамандары В.К. Степанов (Мәскеу мемлекеттік Мәдениет және өнер университетінің профессоры) және А.О. Федоров (Чуваш мемлекеттік мәдениет және өнер институтының ректоры) өткізді.

Кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова өзінің есеп беру кезіндегі кітапхана ұжымының жиналысында 2014 жылы болған осы және басқа да оқиғалар туралы сөз етті. Онда негізгі қызметтерді сәтті жүзеге асыру үшін кітапхана қаражатпен еңбек ресурстарын пайдалана отырып, мақсатты түрде атқарылған жұмыстар бойынша басым бағдарламаларды анықтағандағы жайлы айтылды. Бұл бағдарламалар біздің облысымызда жүзеге асырылып жатқан, сонымен қатар мәдени дамуға және кітап оқуды алға жылжытуға жәрдемдесетін аймақтық бағдарламалардың ақпараттық базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Биылғы жылы 90-ға жуық көпшілік шаралар өткізіліп, 76-ға жуық кітап көрмелері ұйымдастырылды.

{gallery}material/news/2014_otchet{/gallery}

Кітапхана есепті жылы кітапхана сайтын және "Гоголевка" блогын белсенді дамытты. Кітапхана сайтын қолданушылар саны жуық шамамен алғанда екі есеге артқанын атап өтуге болады. Электронды каталогтың көлемі 330 мың библиографиялық жазбаға жетті.

Облыстың мемлекеттік кітапханалары үшін үйлестіруші әдістемелік орталық бола отырып, олардың қызметінің ағымдық мониторингін жүргізеді, қорды толықтыруда тәжірибелік көмек көрсетті.

Өткен жылғыдай кітапханаларды дамытудың негізгі басымдылықтарының бірі - кітапханашы мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарлату болып табылады. 7 кітапхана қызметкері халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар жұмысына, сонымен қатар, ИФЛА Бас конференциясына (Франция, Лион) қатысты. Кітапхана директоры есеп беруді қорытындылау кезінде 2015 жылға арналған жоспарларға және кітапхананың басым қызметтеріне ерекше тоқталып өтті.

Есепті жиналысты әрі қарайкітапхананың қаржылық-шаруашылық қызметтері мен кәсіподақ жұмыстарын ұйымдастыру туралы бас есепші Сарсенгалиева Дина Булатқызы және Ельцова Ирина Алексеевна жалғастырды.