«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары
«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары 2014 жыл 5-6 қараша. /Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК; құрастырушы В.И. Пак – Қарағанды, 2015. – 78 бет
2014 жылы 5-6 қараша күндері Қарағанды қаласында Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.
«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының салтанатты ашылуы академиялық музыкалық комедия театрында өткізілді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Республикалық конференция жұмысына ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының өкілдері, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарының кітапханалары, Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, кітапхана әріптестері мен достары қатысты.