Төрлет, Ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Баршаңызға денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мейірім  мен  шуағын төккен  молшылық пен ырыстың мерекесі  жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!