Төрлет, Ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Баршаңызға денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мейірім мен шуағын төккен молшылық пен ырыстың мерекесі жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!