Биыл қазақ жерінде бұрын-соңды болмаған, қазақ халқының қаймағын қалқып алған ұлы сұрапыл жаппай жазалауға 83 жыл толып отыр.
Бұл сұрапыл қазақ елі руханиятын ондаған жылдарға кері шегіндіріп жіберді. Әміршілік жүйенің «ұлы терроры» халыққа қарсы, ең алдымен ұлт зиялыларына қарсы бағытталған шара еді. Зұлмат науқаны кезінде мыңдаған жазықсыз жан «халық жауы» атанып, көз жұмды. 1937 жылы бүкіл КСРО – да, оның ішінде Қазақстанда да жаппай жүзеге асырылған «халық жауларына» қарсы күрес белгілі қоғам, мемлекет, ғылым, әдебиет қайраткерлерін қамтыды. 1937 жылы қазақ азаматтары тек өздері ғана қуғын – сүргін көрмей олардың жарлары, туыстары да репрессияға ұшырап жатты.
Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бастап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып аталып өтілуде.
Біз жазықсыз жазаланғандардың өз халқына деген сүйіспеншілігі үшін зардап шеккендердің, туған жерінен қудаланғандардың рухына бас иеміз!
Зұлмат жылдар тарихы көңіліңізді алаңдатып, тарих көшіне тағы бір назар салғыңыз келсе, кітап көрмесімен танысыңыз.