Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған

«Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 14 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көмекей әулие атанған әйгілі жырау, ойшыл дана, көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, Бұқар жыраудың әдеби мұрасын және тарихтағы елеулі орнын насихаттау, ақын-жыраулардың шығармашылығына қолдау көрсету арқылы жыраулық поэзияның дамуына ықпал ету, еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын жыраулық поэзияның құдіреті арқылы қалың жұртшылыққа паш ету.

 Шарттары:

-           мүшәйраға 16 – 35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

-           үміткерлердің жыраулық поэзия үлгісінде жазылған шығармалары қабылданады;

-           шығармалар төмендегідей 3 тақырып бойынша болуы керек:

  1. «Өлең сөздің данасы» (Бұқар жырауға арнау)
  2. «Бағаналы орда, басты орда» (Қазақстанның елордасы – Астананың     20 жылдығы тақырыбында)
  3. «Ал, айтамын, айтамын» (қоғамдық-әлеуметтік мәселені көтеру)

-           әр өлең көлемі 100 жолдан аспауы керек;

-           шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт),  жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен)  ұсынылуы қажет;

-           жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;

-           қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;

-           қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.

 Мүшәйраның кезеңдері

  1. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді.
  2. Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.

 Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

-           автордың поэтикалық-стильдік ерекшелігіне, шығарманың жыраулық поэзия үлгісіне сәйкестігіне;

-           ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне, яғни автордың Бұқар жырау Қалқаманұлының қырларын өлең сөзбен сомдауына:

-           Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдық мерейтойы мен Қазақстанның жарқын жетістіктерін жырлауына;

-           бүгінгі таңдағы өзекті қоғамдық-әлеуметтік мәселені көрсете алуына;

-           шығарманың идеялық мазмұнына;

-           туындының көркемдік сапасына:

Мүшәйраның жүлде қоры

Мүшәйраның жеңімпазы және жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге

І орын (біреу) – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге

ІІ орын (екеу) -  250 000 (екі жүз елу мың) теңгеден

ІІІ орын (үшеу)  – 150 000 (жүз мың) теңгеден

Ынталандыру сыйлығы (он) – 50 000 (елу мың) теңгеден

Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Мүшәйраға қатысу

Мүшәйраға  қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып,  жеке  куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары                  2018 жылдың 24 тамызына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.">bБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476

 Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған

«Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасына

қатысуға өтінім үлгісі

 

 №

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған датасы

Республика өңірі

Жұмыс/оқу орны

Байланыс телефондары