Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kar_poety_festival is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kar_poety_festival is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Мұхтар Әуезов: "Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады" - деген болатын.

Жастарды кітапқа, әдебиетке жақындастыруды міндет еткен кітапхана қызметкерлері Кітап фестивальі апталығында көптеген игі шаралар ұйымдастыруда.

Осындай мәні мен маңызы ерекше шараның бірі – қаламыздың бірқатар ақын-жазушыларымен өткен кездесу. Кітапқа деген, авторға деген құрмет жетелеген жастар бүгінгі күні республикаға танымал ақын ағаларымен кездесуге асыққаны көз қуантты.

Ал жастармен өз ойларын ортаға салып, терең де сүбелі әңгіме жүргізуге ақын, "Құсни хат", "Алтынкүрек" атты жыр жинақтарының авторы Бағдат Мүбәрак, ақын, "Серт" атты жыр кітабының авторы Жәнібек Әлиман, ақын, халық қаһарманы Ж. Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" сыйлығының иегері, "Құмдауыт" кітабының авторы Жәлел Шалқар, ақын, бірнеше жыр мүшайраларының жеңімпазы, "Қайыңды көл" жыр жинағының авторы Еркебұлан Елеусізұлы келді.

{gallery}material/news/2018_kar_poety_festival{/gallery}

Студент жастар ақындарға түрлі сауалдар қойып, өлеңдерін тыңдай отырып, ақындық өнер жайлы мағлұматтар алды. Ақындар жастардың қызығушылықтарын қандыра отырып, өмірлерінде орын алған қызықты жәйттарға, ерекше естеліктерге бой алдыра отырып, кітап оқуға үндеді.

"Жақсы кітап оқысаң, ақылды адаммен сырласқандай боласың" – демекші, осы кешке жиналған жастар кітап оқудың маңыздылығын түсініп қана қоймай, өздері үшін міндетті түрде оқылатын кітаптар туралы да мағлұмат алды.