Сәуір айының 2 күні кітапханамыздың қызметкерлері "Фемида" заң колледжінде "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша ақпараттық сағат өткізді.
Танымдық бағытта өткізілген бұл іс-шарада акцияның тарихы, 2017-2017 жылдар аралығында қандай шығармалар жалпы оқылуға ұсынылғаны туралы ақпарат берілді.
2018 жылға студенттер қауымына жалпы бірдей оқылу үшін таңдалған үш кітап – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикаят-монологы таныстырылды.
Іс-шара барысында Шәкәрім ақынның ата-анасы, туыстары жайлы айта келіп, 7 жасында шығарған өлеңі оқылды. Ақын шығармашылығы мен өмір жолы, баласы Ахаттың ерлік ісі туралы баяндалды. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының өмір жолына тоқталып, шығарма мазмұны қысқаша баяндалды, кітаптан үзінділер оқылды. Жазушы Немат Келімбетовтың тағдыр тауқыметімен төсекке таңылып жатқан шағында үміт үзбей, шығармадағы болмыс бітімі мен ғибратты ғұмыры "Үміт үзгім келмейді" атты хикаят – монологында кешегіміз бен келешегіміз, рухани тарихымыз туралы тартымды парасат дастанында баяндалады. Кітап желісі бойынша пьеса жазылып,көптеген тілдерге аударылғанын, шығарма Франц Кафка сыйлығын иеленгені туралы ақпарат беріліп, түрік тіліндегі нұсқасын ұсынылды. Тыңдаушылар кітаптарды қызығушылықпен қарап шықты.
Ақпарат сағаты барысында кітапханамыздың мерзімді басылымдар бөлімі "Мәдени мұра", "Заң және заман", "Абай" журналдарынан, "Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", "Түркістан" газеттеріндегі аталған тұлғалар мен олардың шығармаларымен таныстырып, шығармаларын оқу ұсынылды. Асыл мұра болып сақталатын інжу-меруерт шығармалардың біреуге шабыт, қайсарлық, өнеге болатыны тілге тиек етілді. Даналық өткеннің тәжірибесін қорытатын қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін, қазағымыздың қаймағынан тұратын жастар үшін маңызды күн болды. Жалпы "Фемида" колледжі студентері өткізілген іс-шарадан ақпарат алып, кітап, журнал-газеттерді танып, көрді.
Кітап – рухани қазына. Ендеше кітапханамыздан осы аталған шығармаларды оқуға мүмкіндік мол.
Абонемет бөлімі мен мерзімді басылымдар секторы