Латын тіліндегі "сorruptio" сөзі "парақорлық, жемқорлық" дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық деген сөздің қазіргі заманғы тұжырымдамасы жеке адамның пайдасы үшін, адамгершілік пен заң нормаларына қайшы келетін ресми немесе ресми ұстанымын пайдалану болып табылады.
Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық проблемаға айналып отыр, себебі ол саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге тән.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдықтарын Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті.
Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін бірнеше заңнамалық база құрылған, оның негізі заңдары: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралары және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде тәртіпті нығайту туралы" Елбасы Жарлығы. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы"
бекітілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған бағдарламаларда қарастырылған.
Заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті.
Сонымен бірге, қоғамдағы әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрмаса, мемлекеттік басқару құзырлы және тиімді болмайды.
Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелер бойынша әдебиеттер «Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-нің электронды каталогында уақытылы жарияланып отырады. Бүгінгі күні онда 800-ден астам кітап пен мақала тіркелген.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар Қазақстанның ішкі саясатының мәселелеріне арналған барлық кітап көрмелерінде көрініс табады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға және жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кітап көрмелері кітапхана бөлімдерінде жылына екі рет әзірленеді.
Сонымен қоса, кітапхананың бірінші қабатында қоғамдық қол жеткізу орнында тұрақты қызмет ететін ақпараттық бұрыш дайындалған.
Сондай-ақ, кітапхананың ресми сайтында жыл сайын «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз! атты тақырыптық тізімдер жарияланады. Аталмыш тізім тақырып бойынша жаңа басылымдар түскен сайын толықтырылады.
Құрметті сайтты пайдаланушылар! Жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар туралы ұсыныстарыңызды кітапхана басшысына жолдай аласыздар.