[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_artykbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаевтың Астана қаласы "Алтын кітап" баспасынан жарық көрген "Әкем Омар және оның заманы туралы" еңбегінің таныстырылымы өтті.
Жамбыл Артықбаев тарих, археология, этнография, топонимия, әдет-ғұрып заңдары тағы басқа тақырыптарға арналған ғылыми монографиялар, оқулықтар, көркем шығармалар, драматургия саласына да жазылған кітаптардың авторы.
Автор кітапта жастық шақтары ХХ ғасыр тарихының ең бір ауыр кезеңіне тап келген отбасы тағдырын жазба және ауызша деректер негізінде суреттейді. Кітаптың басты кейіпкері Артықбаев Омар қазақтың орта дәулетті отбасында дүниеге келген, ес біле бастағанда 1930-шы жылдардың аштығы килігіп, амал жоқ Сібір жеріне қоныс аударған, одан елге оралған соң 1937, 1947 жылдардың репрессияларына ілінген, осындай ауыртпашылыққа мойымай, мейірімнен айрылмай қазіргі бейбіт тіршілігіміздің негізін қалаған азаматтардың бірі. Сонымен бірге кітапта қазақ шежіресіне сүйенген тарихи шолу да, ғибрат сөздер де бар.
{gallery}material/news/2017_artykbaev{/gallery}
Шараға қатысқан тарихшы ғалымдар Т.Т. Аршабеков, Қ.С. Өскембаев сөз сөйлеп, Жамбыл Омарұлына алда да мол табыстарды тіледі.
Оқырмандар назарына "Ұлттық тарих тамыршысы" атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.
Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева