Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_gromkie_chteniya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_gromkie_chteniya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Текті жұрттың  –

Әрі  – ұлы, әрі – ірі,

Топырақта жатады ылғи тамыры.

Мен Алтайдан алты ағаш боп шығып ем,

Алты Алашқа айналдырған  – Тәңірі.

С. Ақсұңқарұлы

Алғашқы қадам, алғашқы бастама! 18-қазан күні алды Қарағанды, арты әлеуметтік желіні еңсерген қазақ жұрты болып "Алтайдан Ақсораңға кеп түскен, Қарағайлы Қараорманның тұқымы", Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, Қарағанды облысы Жазушылар Одағы бөлімшесінің директоры, жергілікті ақын, "Қызыларай", "Төбемнен жауһар жауып тұр", "Қараорман" т.б. кітаптардың авторы Серік Ақсұңқарұлының жыр жауһарын бір сағат көлемінде дауыстап оқыдық.

Акцияның мақсаты – кітап оқуды насихаттау,жергілікті автордың шығармаларын халыққа таныту, оның ішінде өзге ұлт өкілдерін қазақ әдебиетін оқуға қызықтыру болып табылатын.

     Шарамыздың шымылдығын салтанатты түрде ақынның өзі:

                                   Құдай мені Түрік қылды құты – ұлы,

                                   Жаным – сонда, тән де – соның тұқылы.

                                   Мен – алтайдан Ақсораңға кеп түскен,

                  Қарағайлы Қараорманның тұқымы – деген жыр шумақтарымен ашты.

Акцияның ерекшелігі – бір уақытта барлық облыс аумағында Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей толқынға шығарылды. Атап айтар болсақ: Жезқазған, Теміртау, Шахтинск, Қаражал, Балқаш, Саран т.б. қалаларымен, Абай, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Бұқар Жырау және Шет аудандары тікелей көрсетілім қатысушы әрі көрермені болды.

Шалқар шабыттың иесі, шыншыл ақын  көппен бірге өз шығармаларын оқи отырып, өзге ұлт өкілдерінің оқыған өлеңдерінің тыңдарманы болды.

Аталмыш шараға автордың өзі, "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері, ақынның ізбасарлары: Мирас Асан, Алмаз Мырзахмет, Жанат Жанқашұлы  белсене қатысты.

Сонымен қатар, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінен, Қарағанды гуманитарлық, сән колледждерінен және халықаралық бизнес академиясынан келген  студенттер мен қаламыздағы № 3, № 38 гимназиясы мен № 65 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін бар ынта-жігерімен  оқыды. Ақынның өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыған Цепрунов Сергей мен Болдырев Ярослав ерекше көзге түсті.

{gallery}material/news/2017_gromkie_chteniya1{/gallery}

Әсіресе, Болдырев Ярослав ақынмен кездесуге құштар болып жүргенін де жасыра алмады.         Автордың ақындығымен қатар, сазгерлік қасиетінің де бар екенін "Шайтанкөл – аққулар мекені" әні арқылы білеміз.

                             Өмірім – ән. Сол болар – ажалым да.

                             Қайда жүрсем сиқыр үн – назарымда.

                             Арманым жоқ, өмірде, айналайын,

Бір шырқасам әлемнің базарында...- деп ақын өзі жырлағандай сазгердің "Шайтанкөл - аққулар мекені" әнін шара соңында көпшілікпен бірге орындады.

Шара соңында ақын кітапхана ұжымына алғысын жаудырып, қазақстандықтардың қазақ тілін құрметтеу талпыныстарына ризашылығын білдірді. 

Қазақтың бай тілін қазақ өлеңімен сусындатқан, біреуге ой, біреуге шабыт сыйлаған жыр акциясы осылай өтті. Арқа жері туған өлкесінің арда ұлын осылай дәріптеді.