Есіл еңбек еленді, асыл да дара талантты, қазақтың болмысы бөлек ақыны Тұрсын Жұмаш өз халқымен қайта қауышты...
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тұрсын Жұмаштың 55 жылдығына орай, "Жыр–жауһар" поэзия клубының мүшелерімен бірлесіп "Қырандар ғана ұшатын биік бар" атты еске алу кешін ұйымдастырылған болатын.
Кешке Астана қаласынан арнайы келген ақынның қызы Ләйлә Тұрсынқызы және де арқаның күллі зиялысы қатысты.
Кеш барысында өмірден ерте кеткен хас талант Тұрсын Жұмаштың атына өзінің туған жері Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ өңірінен көше беру туралы ұсыныс жасалды. Осы бастаманы өкшелеп отырып, "Жыр-жауһар" поэзия клубы мен "qasym.kz" порталы барлық құжаттарды тиянақтап жинап облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберген болатынбыз.
Сол бастамамыздың қорытынды жауап хаты қолымызға тиіп, төбеміз көкке жетіп отыр:
Йә! Тұрсын Жұмаш мұндай құрметке әбден лайық. Өлеңді өмірлік серігім деп білген өршіл ақынның екінші өмірінің басталғаны ақиқат. Асылдарымызды ардақтай білейік...
Жәлел Қуандықұлы.
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының жетекшісі